Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 581 0 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 13:23

Заң шығару ісіне мәслихат депутаттары тартылуы керек!

Суреттер Ақ жол партиясы баспасөз қызметінен алынды.

Форумға партия атынан Мәжіліске, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыстардан сайланған 203 депутаттың 152-сі қатысты.

«Ақ жол» демпартиясының барлық деңгейдегі депутаттарының жыл сайынғы форумдарын өткізу игі дәстүрге айналып, партия бұл шараларды өңірлерде өткізуге тырысуда.

Қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың жақында Астанада өткен мәслихат депутаттарының форумында сөйлеген сөзінде көтерілген бірқатар мәселелерді талқылады, соның ішінде, Парламенттегі заң жобаларын, ең алдымен бюджет және салық заңнамасын қарауға мәслихат депутаттарын тартуға қатысты.

Осы орайда партия төрағасы Азат Перуашев әріптестерін Мәжіліс қабылдап жатқан заң жобаларына назар аударуға шақырды.

Мәжілістегі «Ақ жол» демпартиясы фракциясының апта сайынғы отырыстары бейнеконферения арқылы барлық филиалдардың қатысуымен өтіп, барлық мәслихат депутаттары қандай заңдарды талқылауға мүдделі екенін алдын ала анықтауға мүмкіндік алады. Осы ретте, сондай-ақ нақты ұсыныстар болған жағдайда, біздің мәслихат депутаттарын Мәжілістің тиісті жұмыс топтарына қосу туралы өтініштерді фракция аппаратының басшысы Б.Дүйсембиновке жолдауға болады.

Сондай-ақ, демпартия лидері мәслихаттар мен әкімдіктер арасындағы тежемелік пен тепе-теңдіктің нақты балансын құру, жергілікті депутаттардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыру, Президент Қ.Тоқаевтың «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» қағидасын орталықта ғана емес, мемлекеттік биліктің бүкіл танмағында жүзеге асыру қажеттігі туралы 2023-24 жылдары «Ақ жол» фракциясы жасаған бірқатар депутаттық сауалдарды да еске салуды жөн көрді.

А.Перуашев жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің тарихи мәніне назар аудара отырып, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдауы шын мәнінде 1917 жылы «Алашорда» көсемдері негізін қалаған «Алаш» ұлттық идеясына қайта оралуды білдіргенін атап өтті.

Мәслихат депутаттарының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ол конкурстық іріктеу негізінде Мәжілістегі «Ақ жол» демпартиясының депутаттық фракциясында тағылымдамадан өтуді ұсынды. Яғни мәслихат депуттары айына бір рет Астанаға келіп, партияның орталық аппаратында және Мәжілістегі депутаттық фракцияда жұмыс істеуге, заң шығару жұмыстарымен танысуға, депутаттық сауалдар дайындауға, жұмыс топтарының талқылауына жеке қатысуға, т.б. мүмкіндік алады.

«Ақ жол» демпартиясының төрағасы форумның мақсаты мәслихат депутаттарын партия басшылығының және депутаттық фракцияның жұмысымен таныстыру емес, жергілікті мәслихаттарда жұмыс істейтін әріптестердің көбі партиялық тізім бойынша ғана емес, бір мандатты округтер бойынша да сайланғанын ескере отырып, олармен кері байланыс жасап, пікір алмасу екендігіне үзеңгілестердің назарын аударды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мәслихат депутаттарының Парламент жұмысына қатысуын белсендіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Мәжіліс басшылығы қабылдаған шешімдер мен нақты ұсыныстар жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Ақ жол» демпартиясы атынан сайланған Парламент депутаты Дания Еспаева баяндама жасады.

«Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бүгінде «Ақ жол» демпартиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазіргі уақытта дайындап жатқан және осы жылдың соңы мен келесі жылдың басында ұсынылатын заң жобаларына тоқталды.

Партия Төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Қытай Коммунистік партиясының шақыруымен «Ақ жол» демпартиясы іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындылары туралы баяндады, әр өңірлердегі 20-ға жуық кәсіпкер делегация құрамында Қытай кәсіпорындарының жұмысымен танысып, бірқатар салалар бойынша серіктестік жасау туралы келісімге келуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ форум барысында «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған мәслихат депутаттары Жанаргүл Құлмағамбетова (Астана), Жалғас Ағисов (Жаңаөзен), Евгений Кинцель (СҚО), Арман Әбілхасынов (Теміртау), Сұлтан Көшенов (Түркістан), Ерлан Қайырденов (Атырау), Ардақ Мансұров (Түркістан), Ерғали Ділдәбек (Ақмола облысы), т.б. сөз сөйледі.

Мәслихат депутаттары инвестициялық жобаларды қолдау, бизнесті салық және құқық қорғау органдарының негізсіз қудалауынан қорғау;  салықтық, тарифтік және сыртқы экономикалық саясат; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі субсидиялар, несиелер бойынша ауыр пайыздық мөлшерлемелер, даму институттарының таңдаулы саясаты, мемлекеттік сатып алулар мен ірі корпорациялардың сатып алуларындағы ашық емес процедуралар және т.б. мәселелерді көтерді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық бұзушылықтары үшін айыппұлдарын жергілікті бюджетке аудару;  мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастарды кәсіпкерлікке тарту, кандастарды қолдау туралы ұсыныстар айтылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Евгений Кинцель мәслихат сессиясының күн тәртібін қалыптастырудың маңызды мәселесін көтерді, оны бүгінде әкімдіктер толығымен белгілейді, ал депутаттардың өздері өз бастамалары бойынша мәселелерді қарауға қол жеткізе алмай отыр. Осы орайда партия төрағасы өз мәслихаттарының кезекті және кезектен тыс сессияларының күн тәртібін қалыптастыру кезінде депутаттардың құқықтарын жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Азат Перуашев мүмкіндікті пайдалана отырып, жергілікті мәслихат депутаттарының өткен және биылғы жылы бөлшек салықтарды төмендетудегі белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді, бұл барлық жерде (Алматыдан басқа) шағын бизнеске салық жүктемесін азайтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

ОЛ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының «Atameken business» телеарнасының тікелей эфирінде берген түсіндірмесіне сай, 2025 жылға  қалалар және облыстар бойынша бөлшек сауда салығын төмендету үшін биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін бұл мәселені қайта көтеру қажеттігін еске салды. Әр жыл үшін бөлшек салық ставкасы өткен жылдың бірінші желтоқсанына дейін бөлек белгіленетіні айтылған. Осыған байланысты бұл жұмысты жандандыру қажет. Бүгінге дейін облыс, аудан, қалалардың бірқатар депутаттары тиісті депутаттық сауалдарын жолдап үлгерді. Бірқатар мемлекеттік органдардан оң жауаптар алынды, бірақ бұл жұмыстың қарқынын жоғалтпай, аяғына дейін жеткізу маңызды.

Еркін талқылау аясында партияның орталық басшылығының, парламенттік фракцияның және «Ақ жол» демпартиясының аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі депутаттарының өзара іс-қимылының басқа да мәселелері көтерілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5254