Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Дей салдым-ау 3909 9 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 13:57

Пікір: Елімізде 3 миллион этникалық орыс жоқ!

Сурет caravan.kz сайтынан алынды.

Мен біздің Қазақстанда үш миллионға жуық орыс этносы бар дегенге сенбеймін!

Неге дейсіз ғой, өйткені солтүстік облыстар мен Павлодар жағын өте жақсы  білемін. Осы солтүстікте он жеті жылға жуық қызмет еткендіктен, бұл жақтағы әрбір аудан мен елдімекеннің қанша тұрғыны бар екенін жатқа айта аламын десем артық кеткендік емес.

Осы өңірлердегі округтерде он-он бес, ең көп дегенде жиырма шақты ғана отбасы тұрады. Бұлардың жартысы қазақтар болса, қалғандары славян  жұрттары.

Еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған кезден бастап, он жылдың аралығында этникалық орыстардың 99 пайызы артынан жау қуғандай, тік көтеріліп, өздерінің тарихи отанына көшіп кетті.

Немістер де солай. Кезінде жүктерін тиеуге контейнер жетіспей, осы екі ұлт перронда қызыл кеңірдек болып, төбелес шығарып жататын. Мен мұны сол жақта жүргенімде талай көріп жүрдім. Ауылдардың жартысынан көбі, қаңырап, бос қалды. Әрбір көшеде екі-уш отбасыдан қалған болатын. Осы жақтағы аудандардың тұрғындары 15-20 мыңнан аспайды.

Бұлардың жартысы қазақтар. Енді, ойлап қараңыз: Әр ауданның тұрғындарының саны осы мөлшерде. Оңтүстік және Батыс облыстармен салыстыруға мүлде келмейді. Мысалы: Есіл, Атбасар аудандарын қосып, бір аудан қылуға әбден болады.

Айтарым - солтүстік облыстарда орыстардың, яғни славяндардың саны  бұрынғыдай емес, қатты кеміп кеткен. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар аумақтарында тұратын орыстардың саны көп дегенде, бір миллионға әрең жетуі мүмкін. Сонда деймін-ау, елімізде қайдан алынған үш миллионға жуық орыс бар деген есеп?.. Мен бұған сенбеймін!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1471