Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 547 0 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 14:49

Вьетнаммен ынтымақтастық туралы заң Сенат қарауында

Суретті түсірген Н.Байбулин.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 31 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар екі мәселені қарайды. Олардың бірі - «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң.

Аталған құжаттың нормалары екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға және сотталғандардың жазасын өтеу үшін олар азаматы болып табылатын мемлекетте қоғамға қайта қосылуына жәрдемдесуге арналған.

Сондай-ақ Палата отырысында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бір топ сенатордың цифрландыру мәселелері бойынша депутаттық сауалына ауызша жауабы тыңдалады. Сенат Спикері мәселенің маңызды екеніне тоқталып, талқылауға басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысатынын айтты.

Бюро отырысында депутаттардың алдағы уақытта Абай облысының Курчатов қаласында өтетін радиациялық және сейсмикалық қауіпсіздік мамандарымен кездесуіне қатысты мәселелер де талқыланды. Қазақстанда АЭС салынуына байланысты бұл тақырыптың өзектілігі арта түскені анық.

Сонымен қатар сенаторлар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында аграрлық секторды тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелендіруге көшу және денсаулық сақтау жүйесін кадрлық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін жергілікті тұрғындармен бірге талқылау үшін өңірлерге барып, кездесулер өткізеді. Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қазір елімізде, әсіресе, ауылдық жерлерде білікті медициналық кадрлардың тапшылығы өте өзекті. Сондықтан саладағы проблемаларды жан-жақты зерделеп, тиісті мамандармен бірлесіп оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеудің маңызы зор.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Комитеттерге бөлініп берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257