Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Денсаулық 366 0 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 13:41

Қаржы министрі: Тегін медициналық көмек көлемі артады

Фото: Kazinform

2025 жылы денсаулық сақтау саласына 2,4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 675 млрд теңге бағытталады

Оның айтуынша, халық санының өсуі мен науқастар санының артуын ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту қарастырылған.

«Денсаулық сақтау жүйесіне 2025-2027 жылдарға арналған шығыстар 7,6 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде биылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылға 2,4 трлн теңге қарастырылған. Жалпы, 2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне 1,6 трлн теңге сомасында шығыстар жоспарланды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 675 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік жарналарға 668 млрд теңге көзделген», - деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6003