Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 857 3 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 19:26

Министр Балаева: Анонимді телеграм арналар БАҚ талаптарын сақтамайды!

Сурет: Арман Мухатов

Бүгін ҚР Мәжілісіне барған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аноним телеграм-арналарға қатысты пікір білдірді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі тараптар сот шешімімен келіспеген жағдайда, үкімге қарсылық білдіре алатынын айтты.

«Анонимді телеграм арналар  БАҚ санатына жатпайды. Бүгінде заңды сұрақ – неге кәсіби журналистер аноним телеграм арналардың журналистерін қорғап жатыр? Жасыратыны жоқ, көбісі бұл анонимді телеграм арналарынан зардап шекті, себебі олар журналистика талаптарына, яғни ашықтық пен шынайылықты сақтамайды. Ал шағымды кәсіби журналист Гүлжан Ерғалиева түсірген. Мен оны кәсіби журналист ретінде білемін, бірақ, шынын айтсам, Әділбековті танымаймын», - деді министр.

Осыған дейін елімізде «Дикая Орда» дейтін телеграм арнаның авторы 4 жыл 6 ай мерзімге сотталған еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048