Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 1316 4 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 15:11

Бауыржан Байбек Қазақстанға орала ма?

Сурет forbes.kz сайтынан алынды.

Бауыржан Бәйбек Люксембургтағы ықпалды азаматтарды ара ағайын ретінде пайдаланып, Қазақстанға қауіпсіз оралу мәселесін талқылауды ойластыра бастады. Бұл туралы DALA INSIDE жазады.

БАҚ «Жаңа Қазақстан» тарапынан Бәйбекке гарантия беретін тұлғаның әлі анықталмай отырғанын тілге тиек етеді.

Бір кездері Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы басшыларының бірі болған Бауыржан Бәйбек соңғы жылдары Кипрде тұрақтаған. Бірақ Еуропаға жиі сапарлап жүр.

Бәйбектің Кипрге кеткені туралы ақпарат қоғамда екі түрлі қабылданды. Біреулер оны саяси себептермен кетуге мәжбүр болды десе, басқалары Бәйбек түрлі қаржылық махинациялар бойынша айыптаулардан қашты деп санайды.

«Бауыржан Бәйбек шетелде криптавалютамен айналысып көрді. Шын айтқанда бұл тірлігі біршама табысты болып шықты. Қазір ол кәнігі криптоинвестор», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бәйбектің болашақта оралуына әсер еткен негізгі себептер ретінде соңғы саяси өзгерістерді айтуға болады. Жаңа билік құрылымы, активтерді қайтарғандарға жылы көзқарас оның елге қайта оралып, қоғамдық немесе саяси өмірге қайта араласуына жағдай жасай алатын секілді.

Бәйбектің елге оралуы қоғамды екіге жара алады. Біреулер оны бұрынғы істері үшін жауап беруі керек деп санаса, енді біреулер оның жаңа көзқараспен, тәжірибемен оралып, елге пайда тигізе алатынын алға тартуы мүмкін. Бәйбектің оралуы Қазақстандағы саяси сахнада жаңа бетбұрыс әкелмек.

Әзірше бұл тек инсайдерлік ақпарат ретінде қарастырылып отыр. Анығын Люксембургтағы авторитет шешеді. Бәйбектің оралуына қалай қарайсыздар? Әзіргі ескі команда шетелде үндемей отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974