Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 851 0 пікір 7 Қараша, 2024 сағат 16:03

Геннадий Шиповских: Балаларға баспана берудің арнайы бағдарламасы керек

Фото: senate.parlam.kz

Мемлекет тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балаларға жеткілікті түрде қолдау жасай алмай келеді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында осы проблема туралы айтты.

Сенатордың айтуынша, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әлі де күрделі мәселелерден арыла қойған жоқ. Жетім балаларға баспана алуға жеңілдік қарастырылған, алайда статистика көрсеткендей, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей баспана беріле бермейді. 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды.

Депутат көптеген жетім оқу орнынан кеткеннен кейін, болашақ өмірін қалай жалғастыру керек екенін білмейтінін атап өтті. Осыған байланысты ол білім алуға мүмкіндік беру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жетім балаларға арналған грантқа квотаны ұлғайтуды ұсынды.

«Шешуші мәселе – жұмыспен қамтудың шешімін табу болмақ. Өкінішке қарай, қазір орта мектепті бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл мансап орталықтарының квотасы аясында барлығы 4 275 адам жұмысқа орналасты, оның 85-сі ғана жетімдер. Жастар арасында жұмыспен қамту шараларымен 188 663 адам қамтылса, оның небәрі 56-сы ғана жетім балалар. Бұл мәселені көтеру себебім, өзім де ата-анадан ерте айырылып, балалар үйінің тәрбиесін көрдім және бұл мәселелерді іштен білемін десем артық болмас. Ондағы достарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз. Онымен қоса, менің атыма жетім азаматтардан көптеген өтініш келіп түседі, олардың басым бөлігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналасуға қатысты», - деді Геннадий Шиповских.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269