Бейсенбі, 2 Қаңтар 2025
Билік 1282 0 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 15:05

АДБ Қызылорда мен Жезқазған жол құрылысын қаржыландырады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады.

Ол Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келді.

Осы сапар аясында құны 300 млн доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Биыл Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасына 30 жыл. Банк 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 млрд долларға жуық жобаларды қаржыландырды.

Атап айтқанда, Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе-Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар