Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Білім 1132 0 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 16:34

Сапалы білім - болашаққа нақты қадам...

Фото: egemen.kz

Жоғары оқу орнындағы сапалы білім -болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен қабілеттерін дамытудың негізгі кепілі. Ол студенттердің өз мамандығында бәсекеге қабілетті, өздігінен ойлай алатын, инновациялық шешімдерді таба алатын маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сапалы білім беру - жоғары оқу орындарының басты мақсаты және олардың тиімділігінің көрсеткіші. Президент ең алдымен сапалы білімді қолжетімді етуді қолға алу қажеттігін атап кетті. Шынында да, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әр студенттің болашақ мамандығына сәйкес білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағыттайды. Оқу бағдарламалары еңбек нарығының сұранысына сай әзірленіп, әр саладағы соңғы жаңалықтарды қамтиды. Қара шаңырақта студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе арқылы жетілдіру өте маңызды. Мысалы, өндірістік тәжірибелер, стажировкалар және жобалық жұмыстар арқылы олар алған білімдерін нақты жағдайда қолдануға үйретеді.Білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдану студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мәселен, интерактивті құралдар, онлайн платформалар және виртуалды зертханалар оқу үрдісін тиімді және қолжетімді етеді.Сапалы білім беру оқытушының біліктілігіне тікелей байланысты. Оқытушылардың кәсіби даму бағдарламаларына қатысуы, шетелдік тәжірибеден өтуі және педагогикалық әдістерді жетілдіруі білім сапасының негізі. Қазақ ұлттық университетінің сапалы білім беруіне  Заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Факультет тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдік университеттермен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Елімізде сапалы жоғары білімге қол жеткізу маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесінің дамуы арқылы мемлекет өз азаматтарын заманауи мамандықтарға бейімдеп, экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді. ҚазҰУ-да сапалы білім беру  болашақ мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуі мен ел экономикасының дамуына ықпал етеді.Әрбір жоғары оқу орнының басты міндеті- студенттерге өз мамандығы бойынша терең білім беру ғана емес, оларды зерттеу жұмыстарына тарту, сыни ойлауды дамыту және әлемдік стандарттарға сай біліктілікке ие маман ретінде қалыптастыру.

Досумбекова Мейрманкул Тілешқызы,

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының оқытушысы.

Болысбек Нұртас, Күмісбек Әділет,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 3 курс студенттері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048