Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1198 0 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 17:08

Ресейге қарсы тағы бір санкция

Фото: Азаттық

7 қарашада Ұлыбритания 2023 жылғы мамырдан бергі Ресейге қарсы ең үлкен санкция пакетін жариялады. Лондон 56 компания мен жеке тұлғаға санкция салды.

 Оған Қазақстанда тіркелген я орналасқан Stanex Group, Kazstanex, Zapchasttrade, Rabadaziya, CPS Energy, Tawkz компаниялары іліккен.

 Ұлыбритания санкция тізіміндегі Қытай, Түркия және Орталық Азияда орналасқан кәсіпорындар Украинаға басқыншылық жасаған Ресейдің әскери өнеркәсібіне қажет тауарлар (станок, микроэлектроника және дрон компоненттері) жеткізумен және шығарумен айналысады деп мәлімдеді.

Лондон бұл санкция Украинада заңсыз соғыс жүргізіп жатқан Ресейді маңызды ресурстардан айырып, мүмкіндігін шектейді деді.

 АҚШ жақында Kazstanex компаниясына санкция салған. Вашингтонның мәліметінше, Kazstanex Өзбекстандағы бөлімшесі – Uzstanex фирмасымен бірге Ресейге сатуға, жеткізуге тыйым салынған станоктарды Еуропадан алып, қытайлық Shanghai Winsun компаниясы арқылы Ресейге жөнелтіп отырған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322