Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Анық 1078 0 пікір 15 Қараша, 2024 сағат 15:16

Қырғызстан Қазақстанға су беруді шектемек

Фото: priroda.club

Ыстықкөл көлін сақтау мақсатында Қырғызстан көрші елдерге, соның ішінде Қазақстанға берілетін судың көлемін азайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды  Abai.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдағы уақытта Қырғызстанда әлем ғалымдарының қатысуымен Ыстықкөлді қорғау мәселелері талқыланатын конференция өтеді. Сарапшылар көлді қорғауға бағытталған арнайы бағдарламаны дайындауда. Жапаров Ыстықкөлді Арал теңізінің қайғылы тағдырын қайталаудан сақтау керектігін атап өтті.

СУ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

Бұған дейін Қазақстанның су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен кездесіп, 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін Шардара су қоймасына 11 миллиард текше метр судың жеткізілуін келіскен болатын. Сонымен қатар, Ислам даму банкі Қазақстанның су шаруашылығын дамыту жобаларына 1,15 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеген.

АРАЛ ТУРАЛЫ

2024 жылдың маусымында Арал теңізіндегі су көлемінің артқаны туралы хабарланған еді. Алайда Арал теңізінің жоғалуы әлемдегі ең ірі антропогендік апаттардың бірі ретінде қарастырылады. 1960 жылдарға дейін әлемдегі төртінші ірі су қоймасы болған Арал теңізінің су беті 50 жылдан астам уақыт ішінде үш есе азайып, судың деңгейі 29 метрге төмендеді. Бұл су тұздылығының артуына және балықтардың толығымен жойылуына алып келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1508
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5816