Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Бәсе... 128 0 пікір 27 Қараша, 2024 сағат 14:38

Жетісу: Көп балалы аналардан заңсыз төлем алынған

Сурет: Sputnik / Абзал Калиев

Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы аналардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған.

Прокуратура «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның талаптарына сәйкес азаматтардың аталған санаты үшін мұндай жарналарды мемлекет төлейтінін жеткізді.

Алайда, соған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер тарапынан қолдауға мұқтаж 166 азаматтың жалақысынан 5,5 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз ұсталғаны белгілі болды.

Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған қаржыны қайтару рәсімі басталды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде екі ауылдық округтің әкімі мен бір мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура әрбір азаматтың құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, заңбұзушылықтардың кез келген жағдайына дер кезінде әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1560
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3359
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6315