Грузияда президент сайлауы 14 желтоқсанда өтеді
Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің айтуынша, президент өкілетінің мерзімі алты жыл емес, бес жыл болуы үшін сайлау мен инаугурацияның биыл өткені маңызды.
Бұған дейін "Мтавари" оппозициялық арнасы Грузия президенттігіне "Грузин арманының" төрағасы Ираклий Гарибашвили мен елдің бірінші президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы Константин Гамсахурдияның кандидатурасы қарастырылып жатыр деп хабарлаған. Алайда билікте отырған партия жетекшілерінің бірі мұны жоққа шығарды.
Грузия президентін алғаш рет халық емес, сайлаушылар алқасы таңдайды. Алқа құрамына 300 адам кіреді, оның ішінде Грузия парламентінің 150 депутаты, Аджария мен Абхазия автономиялық республикасы жоғарғы кеңестерінің мүшелері бар.
Abai.kz