Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Анық 561 0 пікір 28 Қараша, 2024 сағат 15:56

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Кеше теңгеге шаққанда АҚШ долларының айырбас бағамы (USDKZT) Украинада соғыс басталғаннан бері алғаш рет (2022 жылдың наурызынан бастап) 500-ден асты.

"Бұл кеше Ресей Федерациясының Орталық банкі ресми түрде рубльді долларға шаққандағы бағамын 108 деңгейінде белгілеп жатқан жағдайда болғаны. Ең алаңдатарлық жағдай, кешегі теңгенің рубльге шаққандағы бағамы, ол 2023 жылғы тамыздан бастап алғаш рет 4,3-4,4-ке дейін нығайды, ал бұған дейін кросс-бағам 5-тен көп төмендемейтін. Бұл, шын мәнінде, нарыққа қатысушылардың валюта бағамдарына қатысты консенсусын танытады", деп жазады Tengenomika арнасының авторы Ғалымжан Айтқазин.

Ол нарыққа қатысушылардың алдыңғы тәжірибесі мен логикасына сүйенсек, теңгенің рубльге шаққандағы бағамының күрт нығаюы мынандай жағдайларда болжанатынын пайымдайды:

"Егер нарыққа қатысушылар теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы әлсіремеуі тиіс деп есептесе, кросс-бағам күрт нығаяды, Ресей рублі де АҚШ долларына шаққанда қатты әлсіремейді. Егер Қазақстан Ұлттық банкі валюталық сауда-саттықтың реттеушісі және қатысушысы ретінде шетелдік валюталар ұсынысын арттырса (яғни, валюталық интервенциялар жүргізсе), онда рубль бағамы АҚШ долларына шаққанда күрт құлдырай жөнеледі (тура кешегідей). Айтқандай, кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE биржасының валюта секциясында пандемия басталғаннан бері USD/KZT жұбы бойынша 455,4 млн доллар көлеміндегі сауда-саттықтың рекордтық көрсеткіші тіркелді, жалпы ол "аномальды" болып табылады. Бұл көлем алдыңғы күннің көрсеткішінен 2,2 есеге артық".

Оның айтуынша, осы жағынан алғанда, біз нарық қатысушыларының Ресей валютасымен салыстырғанда АҚШ долларына шаққанда теңге берік болады деп үміттенеді, мұны кросс-бағамның танытқан мінезінен байқай да аламыз.

"Сондықтан, Қазақстан Ұлттық банкі кеше теңгені қолдау үшін валюталық интервенциялар жүргізуі мүмкін деп болжаймыз, бұған KASE-дегі сауда-саттықтың рекордтық көлемі дәлел бола алады. Айтпақшы, біз бұл арада теңге бағамына қосымша квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімінің 50%-ын теңгеге айналдыруды міндеттеу талабының қолдау болғанын жоққа шығара алмаймыз. Ал бүгін қор биржасындағы келіссөздер барысында 1 АҚШ доллары 503-тен 508-ге дейін барды. Бұл ұлттық валютаға қысым жасалып жатқанының, оның әлі жалғасуда екенін айғағы бола алады", деп сөзін қорытады ол.

Айта кетсек, 27 қарашада Ресей рубліне шаққанда 1 АҚШ доларының бағамы 100-ден 120 рубльге бір-ақ көтерілді. Ал бұл кезде теңгеге шаққандағы доллар құнында қатты өзгеріс болмады. Дегенмен бүгінгі теңгеге жасалып жатқан қысым кешелі бері болып жатқаны белгілі болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958