Ресейде үш қазақ мектебі қай қалаларда салынады?
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев екі елдің келісімі бойынша қазақ мектептері Ресейдің қай қалаларында салынатынын айтты. Министр Астрахань, Орынбор және Том қаласы екенін жеткізді.
– Аталған өңірлер зерттеліп жатыр (Ресейде қазақ мектептері қажет өңірлер). Бұл толыққанды процес. Қалалар қазір шамамен айқындалды. Енді келесі қадам – сол қалада салынатын орыны. Қалалар таңдалған кезде қазақ бауырларымыздың көп шоғырланған жерлерде мектеп салу – ең басты мақсат болды. Сондықтан, бұл қалалардың таңдалуы да, ол жердегі мектептің соғылуы да екіжақты пысықталып жатыр. Бұл әлі де біршама уақытты алады. Сондықтан, жерін анықтау, келісімшартқа қол қою, одан кейін құрылысы, қандай болатыны біршама уақытты қажет етеді. Салу – шешім қабылданған дүние. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді ол.
Abai.kz