Сенбі, 29 Тамыз 2026
Жаңалықтар 443 0 пікір 27 Тамыз, 2026 сағат 16:45

АҚШ Ресейге қатаң ескерту жасады...

Сурет: euronews.com сайтынан алынды.

Америкалық Wall Street Journal және Politico басылымдары хабардар дереккөздерге сілтеме жасап, ЦРУ басшысы Джон Рэтклиффтің осы аптада Ресейге жасаған жарияланбаған сапары барысында Мәскеуге «НАТО елдеріне», әсіресе Ресеймен шектесетін Эстония, Латвия және Литваға «шабуыл жасауға жол берілмейтінін» ескерткенін жазады.

Бұған дейін WSJ басылымы АҚШ арнаулы қызметтерінің қорытындыларына сілтеме жасай отырып, Президент Владимир Путиннің НАТО-ға мүше елдердің біріне жаңадан шабуыл жасау арқылы «альянстың төзімділігін тексеруге» бел байлауы мүмкін екенін жазған болатын.

Рэтклиффтің Мәскеуге сапары алдын ала хабарланған жоқ, оның күн тәртібі мен нәтижелері туралы Вашингтон да, Мәскеу де ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Кремль өкілі Путиннің Рэтклиффпен кездеспегенін және ЦРУ басшысының Ресейге «арнаулы қызметтермен байланыс орнату» үшін келгенін айтумен шектелді. АҚШ Президенті Дональд Трамп Рэтклиффтің бұл сапарын «жартылай жоспарлы» деп атады.

Politico басылымы 2021 жылдың қарашасында ЦРУ-дың сол кездегі басшысы Уильям Бернстің де Кремльге Украинаға басып кіруге болмайтынын ескерту үшін Мәскеуге барғанын еске салады. Ол сапардан кейін төрт айға жетпейтін уақытта Мәскеу соғыс бастаған еді.

Abai.kz

0 пікір