Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Экспорт 791 2 пікір 6 Желтоқсан, 2024 сағат 11:10

Қазақстанның астық экспортты 52 пайызға артты

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның дәнді дақылдар экспорттының географиясы 40-тан астам елді қамтиды. Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис дәстүрлі нарық елдері саналады.

Биылғы қараша айының соңындағы жағдай бойынша 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты 2,37 млн тоннаға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 52%-ға артық.

Өзбекстанға астық жеткізу 944 мың тоннаға жетті, көрсеткіш 42%-ға артты. Тәжікстанға астық жеткізу 49%-ға өсіп, 377 мың тонна болды.

Қытайға экспорт көлемі 17%-ға өсіп, 355 мың тоннаға жетті.

Ауғанстанға астық жеткізу көлемі 71%-ға ұлғайып, 115 мың тонна болды.

Иранға экспорт көлемі 30 есеге ұлғайып, 299 мың тоннаға жетті. Биыл еліміздің экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1975