Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 167 0 пікір 3 Желтоқсан, 2024 сағат 17:12

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес адамзаттың міндеті

Сурет: eri.kz сайтынан алынды.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес – тек үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның міндеті. Күнделікті өмірде энергияны үнемдеу, қайта өңдеу, су ресурстарын ұқыпты пайдалану және экологиялық өмір салтын ұстану арқылы климаттың өзгеруіне әсерді азайтуға үлес қосуға болады.Климаттың өзгеруі – бүгінгі күннің ең маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің бірі.

Ғылыми деректер бойынша жаһандық орташа температураның өсуі, мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және ауа райы құбылыстарының жиілеуі сияқты өзгерістердің салдары ауыр болатынын көрсетіп отыр. Бұл мәселелерге қарсы күрес тек мемлекеттер, компаниялар мен халықаралық ұйымдар ғана емес, әрбір азаматтың да қатысуын талап етеді. Климаттың өзгеруі – бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған ең үлкен жаһандық мәселелердің бірі.

Бұл құбылыс тек экологиялық тепе-теңдікке әсер етіп қана қоймай, экономика, денсаулық сақтау және әлемдік тұрақтылыққа да ықпал етеді.

Климаттың өзгеруімен күресудің маңыздылығы күн сайын артып келеді, себебі оның салдары қазірдің өзінде сезілуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының кафедрасы студенттермен Тұрақты даму мақсаттарның 13-мақсаты «климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында сөз қозғады. Климаттың өзгеруімен күресуде заңнамалық негіздердің маңызды рөлі мен экологиялық құқықтың даму бағыттары айтылды.

Білім алушылармен қабылданып жатқан құқықтық актілер,келісімдер мен саяси бастамалар талқыланды. Қазақстандағы климаттық заңнамалары айтылып,білім алушылардың ойлары тыңдалды.Студенттер климаттың өзгеруімен күрестің шешу жолдарын ұсынды:

1. Жаңартылатын энергия көздеріне көшу: Жел, күн, су және биомассаны пайдалану арқылы қазба отындарды азайту.

2. Транспортты электромобильдерге ауыстыру және өнеркәсіптік процестерді экологиялық қауіпсіз ету.

3. Ормандарды кесуге тыйым салу және ағаш егу бағдарламаларын кеңейту.

4. Қайта өңдеуді арттыру және пластик қолдануды шектеу.

5. Білім беру және ақпараттандыру: Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырып, климаттың өзгеруінің салдары мен шешімдері туралы хабардар ету.

Климаттың өзгеруімен тиімді күресу үшін халықаралық және ұлттық деңгейдегі заңнамалық негіздердің болуы шешуші рөл атқарады. Қазақстан климаттық өзгерістермен күреске бағытталған бірнеше шараларды қолға алды. Еліміз  Париж келісіміне қосылып, 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайту міндеттемесін қабылдады.

Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, орман алқаптарын көбейту және экологиялық білім беру жұмыстары жүргізілуде. Климаттық өзгерістер бүгінгі ұрпақтың ғана емес, болашақтың да маңызды мәселесі. Табиғатты қорғау мен экологиялық тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ міндет. Климаттық өзгерістермен күресу тек саясаткерлер мен ғалымдардың ғана емес, қарапайым адамдардың да қолында. Энергияны үнемдеу, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғатты қорғау сияқты күнделікті әрекеттер арқылы біз Жердің болашағын қамтамасыз ете аламыз.

Темірболат Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972