Орыстарда шындықты мойындай бастау басталды
Қырым мемлекеттік Кеңесі деп аталатынның төрағасы Владимир Константинов деген біреу: «РФ Украинаны жеңе алмады, «СВО» дегені «пшик» болды. Украина капитуляцияға қол қоймайды, Донецк, Луганск, Херсон, Запорожьені олар ешқашан да мойындамайды, яғни олар солай әрі-сәрі күйде болады, кореялық вариантқа ұқсайды», - депті. Бұған Z-каналдарда айқай-шу болып жатыр.
Оның үстіне Рамзан Қадыров та күтпеген жерден тергеу комитеті мен ІІМ тарпа бас салған. «Грузия мен Украинадан айырылу солардың кінәсі», - деген. «Бастрыкин мен Колокольцев ТМД-дан келгендерді қудалайды, сондықтан да Ресеймен ешкім достасқысы келмейді», - деген. Оның айтуынша, шайтан орыс шенеуніктерінің басында көрінеді. Әзірге Путин туралы ештеңе айтпайды, бірақ осы бағытымен кете берсе басты шайтан Путиннің өзінде екенін де айтып салатын реті бар.
Жалпы орыстарда шындықты мойындай бастау басталды. Дұрысында шындықты бәрі де біледі, енді кінәліні іздеу жәйлап басталған сияқты. Не дейміз, шоқ-шоқ, бірің өліп бірің қалың, өздеріңе сол керек дейміз.
Қуаныш Еділхантегінің желідегі жазбасы
Abai.kz