Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 395 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 13:41

Министр: Шекара маңында логистикалық хаб құрылады

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың дамуы туралы сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев баяндады.

Ол Мемлекет басшысының Қазақстанда Орталық Азияда және Каспий өңірінде толыққанды көліктік-логистикалық хабтарды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде еліміздің айналасында жүктерді өңдеу жөніндегі операциялардың барлық кешенін орындайтын өндірістік алаңдар мен сауда орталықтары құрылатынын хабарлады. Олар Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей шекарасында және Каспий жағалауында орналасқан. Орталықтардың құрылысы шекара маңындағы елдермен сауда өзара іс-қимылын жеделдетеді, шикізаттық емес экспорттың өсімін 30%-ға арттырады, бизнес үшін логистикалық рәсімдерді жеңілдетеді.

Мәселен, индустриялық сауда-логистикалық кешен Қазақстан тарапынан «Қарасу» және Қырғызстан тарапынан «Ақ-тілек» транзиттік өткізу пункттерінің біріне жақын орналасқан.

Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жүк ағындарын өңдеу және дистрибуциялау, сондай-ақ «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі шеңберіндегі өндірістік кооперация бойынша өңірдегі ең ірі алаңға айналады.

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орынбор, Саратов, Самара қалаларына және одан әрі Ресей Федерациясының ірі федералды округтері мен Шығыс Еуропа елдеріне шығатын жүк ағындарының түйінді нүктесі саналатын Орал қаласының әуежайына іргелес аумақта орналасатын болады.

Қорғас торабы Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтудің ажырамас элементі саналады, сондай-ақ ҚХР-дың «Бір белдеу – бір жол» жаһандық тұжырымдамасының бөлігі болып табылады, онда географиялық жағдайы, Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне шығатын инфрақұрылымдық әлеуеті ескеріледі.

Каспий торабы 100 млн-нан астам халқы бар Каспий маңы аймағының елдеріне (Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, РФ) бағытталған. Жоба контейнерлерді сақтауға және теміржол вагондарынан теңіз контейнерлеріне қайта тиеуге арналған алаң салуды, сондай-ақ оларды өңдеу бойынша сапалы сервис ұсынуды көздейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1981