Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 435 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 15:35

Елімізде орман өртін ерте анықтайтын жүйе енгізілді

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

Орман өртін ерте анықтайтын автоматтандырылған жүйе "Ертіс Орманы" табиғи резерватында және "Көкшетау" ұлттық паркінде іске асырылды, деп мәлімдеді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Сондай-ақ, "Медеу" өңірлік паркінде, "Бурабай" ұлттық паркінде, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының орман мекемелерінде енгізілген.

- Жүйе орман алқаптарын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Арнайы оптикалық датчиктер мен деректерді талдау алгоритмдері әртүрлі жағдайларда, соның ішінде таулар мен далада, тіпті ұзақ қашықтықта да өртті автоматты түрде анықтайды. Жүйеге жасанды интеллект біріктірілген, ол деректерді тіркеп, бірден ақпарат орталығына жібереді. Жүйе енгізілген учаскелерде бейнекамералар, деректерді беруге арналған антенналар, сондай-ақ деректерді өңдеу және электрмен жабдықтау жүйесі орнатылған, - деді спикер экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984