Жексенбі, 25 Мамыр 2025
Қоғам 2476 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 19:56

Шерзат Полаттың ағасы жер қойнына тапсырылды

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Бүгін Азат ауылында Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өтті. Онымен қоштасуға туыстары, жақындары мен көршілері қатысты, деп хабарлады Orda.kz.

Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың інісі. Оның денесі 9 желтоқсанға қараған түні Талғардағы зираттың маңынан табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол салған.

Полиция мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмады және өлімнің себебі асфиксия болды. Өлерінің алдында Нұрқанат Ғайыпбаев ет жақын туыстарына жіберген жазбасында олардан кешірім сұрап, інісі Шерзаттың қасына жерлеуді өтінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2884
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4620