Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Қоғам 4234 0 пікір 11 Желтоқсан, 2024 сағат 13:51

Депутат: Маңғыстау облысына құдыққа субсидия керек

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Мәжілісте депутат Самат Мұсабаев ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы айтты.

«Маңғыстау облысы құдыққа субсидия бөлінбейтін жалғыз облыс. Осы өңірдің шаруаларының өтінішін жеткізіп отырмын. Су соратын насосқа берілетін субсидия 2 жыл бұрын алынып тасталды. Сол себепті 2023 жылы өңірде бірде-бір құдық қазылған жоқ. 2024 жылы бір ғана құдық қазылған. Маңғыстау облысы шөлді аймақ болғандықтан осы құдыққа берілетін субсидияны қайтаруды сұраймын», - деді депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2170
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5059
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4300