Бектенов ҚТЖ-ға: 30%-ға артта қалып келесіздер!
Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы мен инфрақұрылымның дамуы туралы баяндамаларды тыңдап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
«Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда, менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30%-ға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына «ҚТЖ» небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Abai.kz