Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Алаң 1256 1 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 14:31

Талғар оқиғасы: Өңір басшысы халықты сабырға шақырды

Сурет: ҚР ОКҚ баспасөз қызметінен алынды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда болған жағдайға байланысты пікір айтты. Бұл туралы qazaq.today сайты жазды. 

«Біз ол отбасыға өз көңілімізді айтамыз. Жалпы бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда іс ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сол себептен біздің аудиторияға айтқым келгені сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының берген мәліметтеріне көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп жатыр. Әр жұмысы бойынша БАҚ-та ақпарат жариялап жатыр», - дейді  Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, Талғар трагедиясының елді шулатып, қоғамның назарын аударғанына үш айға жуықтады. Ғайыпбаевтің тосын өлімі тағыда қоғамды дүр сілкіндірді. Оның соңы Шерзаттың әкесі қамалып, әпкесінің жер аударылуымен аяқталды. Атышулы оқиғаның соңы қалай және қашан бітері белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963