Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Ақмылтық 1309 3 пікір 13 Желтоқсан, 2024 сағат 17:24

Тоқаевтың атынан: Есекеев тапсырманы қалай-қалай беріп жүр?

Суреттер: exclusive.kz сайтынан алынды.

Жуырда «exclusive.kz» сайтында: «Как Есекеев от имени Токаева поручения раздает» атты көлемді мақала жария болды. Онда Президент кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің аты аталады. Біз аталған мақаланы қаз-қалпында қазақшаға аударып, Abai.kz оқырмандарының талқысына ұсынбақпыз.

Ескерту: Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Мақала пікірі редакция ұстанымын білдірмейді және мақалада аты аталған жекелеген тұлғалар жауап беремін десе, портал бетінде жариялайтын боламыз!


6 желтоқсанда ҚР вице-премьері Серік Жұманғариннің басшылығымен таңбалау мәселелері бойынша уәкілетті органдардың кеңесі өтті. Осы кеңесте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі шараларды күшейту мәселелері жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды.

Өз тауарларын таңбалауға міндеттелген кәсіпкерлер, қазақстандық бизнестің түрлі салаларының өкілдері аталған кеңеске қатысқан жоқ. Өйткені, бизнесмендердің нақты мәселесі талқыланғанымен, олар осы басқосуға шақырылмады. Бірақ 9 желтоқсанда оларды «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов жинады. Ол вице-премьердің көтерген мәселесі туралы сөз қозғап, жиналған қауымға мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша МТИ-дің таныстырылымын ұсынды.

Аяқ-астынан бір қызықты жайт орын алды: Вице-премьер Жұмағариннің кеңесіне дейін ешкім, соның ішінде мемлекеттік органдардың өздері де мемлекет басшысының қандай тапсырмасы туралы сөз болып жатқанынан хабардар болмай шықты. Жиналғандардың барлығы бір-бірінен «Қандай тапсырма? Оны кім көрді?» деп жамырай жай сұрасып, апамда аңтаң менде аң-таң болды.  Ақыр соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзі баршаға белгілі болды.  Онда Мемлекет басшысы таңбалау бойынша барлық шараларды «алға озуу» деп атады және 2025 жылға дейін бұл мәселеден қалыс қалмауға шақырды.

Ең шеке шылқытпайтыны - Қазақстан президентінің нақты құжат түріндегі тапсырмасы жоқ екені анықталды. Бар болғаны бірнеше лауазымды тұлғалардың: О.Бектенов, В Асылов, А Смайылов, Ж. Шаймарданов және т.б. тегі тізбелініп, тапсырманың нөмірі мөрсіз ұсынылыпты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің қарашаның соңында жазған қызметтік жазбасы жазылған «өлі құжат» ғана бар болып шықты.   Онда ол тауарларды (оның ішінде жаңа топтарға) таңбалау жөніндегі шараларды шұғыл күшейту және оның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттігін атап көрсетеді.

Ресей Федерациясының таңбалауының жағымды тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, президенттің кеңесшісі өз опусында оның орынды енгізілуінің арқасында солтүстік көрші «11-ден 56%-ге дейінгі нарықтарды едәуір оңдауға қол жеткізіп, өнімнің сапасын 62, 2% -дан (киім) 97,8% (аяқ киім) дейін едәуір арттыруға қол жеткізгенін» айтады.

«Нәтижесінде Ресейде таңбалаудың жалпы экономикалық тиімділігі, оның ішінде» салық жинауды, бизнес субъектілерінің кірістерін арттыру және т.б. 1,1 трлн рубльді құрады».

- Бірақ біз ресейлік әріптестерімізден аяқ киімнің маркасы аяқ киімнің өзі сияқты нарықта сатылатынын білеміз, - дейді Қазақстанның аяқ киім саласының өкілі, тәуелсіз заңгер Айнұр Қайдарова. - Және РФ-дағы бизнес президенттің атына жазылған петиция арқылы таңбалауға қарсы күресуде.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 10 маусымға дейін «Қазақтелеком» АҚ (Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор) басқарма төрағасы болған Қазақстан президентінің кеңесшісі оның (тауарларды таңбалау) «жақын арада түбегейлі шаралар қабылдауды талап ететін сауда саласындағы бірқатар кемшіліктерді ашқанын» атап өтті.

Осы шаралардың негіздемесі ретінде ол таңбаланған өнімді сатудағы «таңбаланғаннан әлдеқайда аз сатылған» кассалық алшақтықты келтірді. Оның пікірінше, бұл нақты кірістерді жасырудың және салықтан жалтарудың айқын белгілерін танытады. Осы орайда өз ойын:

- Жалпы, бұл қадам байланыспайтын нәрсені байланыстырып, қамтымайтын көлемді қамтиды. Өйткені, «сатудың кассалық үзілісі» деген ұғым таңбалауға жатпайды, ол бухгалтерлік термин болып табылады және міндетті шығыстарға уақытша ақша жетіспеушілігін білдіреді, - деп нақтылады Айнұр Қайдарова.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына қатысты өзінің осы жазбасында кеңесші Есекеев бизнестің импорт кезінде таңбалау талаптарын айналып өтуі мүмкін екенін атап көрсетеді. Мысалы, аяқ киімнің орнына оны дайындауға арналған материалдар декларацияланатын жағдай орын алады.

- Бірақ бұл импорттаушыларға емес, тауарды декларациялайтын және осы декларацияларды тексеретін адамдарға, яғни кеденге деген наразылық болып саналады. Бұл жазбада мұндай негізсіз деректер көп, бірақ осыдан шығатын бір ғана қорытынды бар: ол мемлекет басшысының атынан берілген тапсырмалар туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі білмеуі мүмкін, оны таңбалаудың пайда табушысы кім тарататындығында, яғни, бұл жағдайда «Қазақлелеком» АҚ Бірыңғай операторы», - дейді Айнұр Қайдарова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президентінің жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы мамырдағы отырысында сөйлеген сөзінде «таңбалау мәселесінде» ұқыпты болу керек «және» бұдан былай қателіктерге жол бермеу керек, демек, қоғамдық пікір тарапынан сынға ұшырамау керек» деген еді. Бұл орайда «ЕАЭО елдерінің бизнесі өте күрделі жағдайда» болғандықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «Одақ органдарының жекелеген, анағұрлым шығынды шешімдерін орындау ақылға қонымды шара болып табылмайды» деп саналады. Мұндай шешімдерге ол таңбалауды енгізу жөніндегі жоспарларды жатқызды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселені ЕАЭО елдерінің үкіметтері 2025 жылға дейін комиссия аясында қарастыруы тиіс болатын. Алайда, Қазақстан үкіметі мемлекет басшысының өзіндік ұстанымына қарамастан, 2019 жылдан бастап бәрін белден басып, таңбалауды енгізе бастады.

Сондай-ақ, тап осы орайда Қазақстан президентінің экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі «біздің ұлттық басымдығымыз» һәм экономика мен саясаттағы олигополиядан арылу қажеттігі туралы тапсырмаларын биліктегілердің есіне салу орынды болады.

- Бірақ Қазақстан үкіметі, көріп отырғанымыздай, бәрін керісінше жасап, олигополия мен монополияның гүлденуі үшін барлық жағдайды жасайды, - дейді Айнұр Қайдарова. - Егер Қазақстанда енгізілетін таңбалаудың негізгі мақсаты туралы айтатын болсақ, ол көлеңкелі экономикамен (контрабанда мен контрафактпен) күрес емес, олигархтардың қалтасына әрбір кәсіпкер мен тұтынушыдан төлем алу екендігіне көз жеткіздік.

Үкіметтің барлық мүшелері қазір мемлекет басшысының тапсырмасы ретінде қарастыратын Қазақстан президентінің атына жазылған қызметтік жазбаның авторы көлеңкелі айналыммен күресуге құзыреті жоқ мемлекеттік органдарды «таңбалауға деген қызығушылығының төмендігі» үшін айыптайды. Оларға ол, мысалы, құрамында қант бар сусындар мен өзге де өнімдерді таңбалаудан бас тартқан Ауыл шаруашылығы министрлігін және зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізуді орынсыз деп таныған Өнеркәсіп комитетін жатқызды.

Таңбалауға қарсы шыққандар бірнеше жылдан бері контрабанда мен контрафактпен тауардағы QR-код көмегімен күресу мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Көлеңкелі экономика криминалдық экономика болғандықтан, мемлекеттік кіріс органдары - салық, кеден, әділет органдары, экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, контрабандамен және контрафактпен күресуі тиіс.

- Бірақ ол кезде құзіретті органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының да президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің де «Қазақтелекомнның» таңбалауына сүйенуінің ар жағынан ненің құлағы қылтияды? - деп сұрақ қояды бизнесмендер.

Егер осы мәселенің төңірегінде болып жатқан жағдайларды мұқият қадағалайтын болсақ, онда таңбалау аясында заңды бизнес жататын тауарлардың көлеңкелі айналымына қарсы неғұрлым белсенді күрескерлер ретінде Қазақстанда бүгінде таңбалаудан көл-көсір пайда табатын Бірыңғай оператор («Қазақтелеком» АҚ) және оның аффилиирленген компаниялары, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күреске тікелей қатысы жоқ үкімет мүшелері бірлесе әрекет етеді.

- 2019 жылдан бастап тауарларды таңбалау мәселесінде шенеуніктер атап көрсеткен нәрсенің бәрін елдегі мемлекеттік құрылымды өзгерту әрекеті ретінде қарастыруға болады. Өйткені, олар көлеңкелі экономикамен күрес ұранымен ШОБ пен тұтынушылардың барлығын олигархиялық құрылымдарға қосымша салық төлеуге мәжбүрлейді, - дейді Айнұр Қайдарова. - Бұл қаржы министрлігінде тауар ағындарын бақылау мен қадағалаудың «Виртуалды қойма» ақпараттық жүйесі, ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжат) сынды барлық жүйесі бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963