Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады
Алматы. 25 қырқүйек. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аймақтарындағы ауа райын кіндігі Ресейдің орталық аудандарында орналасқан циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің көптеген өңірлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады. Республиканың шығысында ғана ауа райының антициклоналды түрі сақталады. ТЖМ синоптиктердің осындай болжамын таратып отыр.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы, Жамбыл облыстарында күндіз секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 0-2 градус суық түседі.
Республиканың батысында және оңтүстігінде бесінші сыныпты өрт қауіпсіздігі сақталады.
Алдағы тәулікте жауын-шашын салдарынан республиканың оңтүстігіндегі төмен таулы өзендерде судың деңгейі көтеріледі; Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы және шығңысындағы таулы өзендерде судың деңгейі құбылмалы болады.