Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3567 0 пікір 25 Қыркүйек, 2009 сағат 10:22

Премьер Қазақстанда IT-индустрияның белсенді дамуын қолдайды

Астана. 24 қырқүйек. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Үкімет Қазақстандағы IT-индустрияның белсенді дамуын қолдайды, деп мәлім етті премьер-министр Кәрім Мәсімов.

«IT-индустрияға балама жоқ. Бүгінгі күні әр ел электронды үкіметті, IT-индустрияны дамытуды жалғастыруда. Біз де шешім қабылдадық - IT-индустрияны дамыту алдағы уақытта да жалғасады», - деді ол бизнес қауымдастықпен кездесуде осы сала өкілдерінің сұрақтарына жауап бергенде.

Мысалы, қазіргі уақытта «электронды қаржы министрлігін» құруға үлкен тендер жарияланып жатыр», деді К. Мәсімов.

«Түрлі компаниялардың арасында процесс жүріп жатыр (тендерде жеңіске жету үшін күрес - ҚазТАГ). Қазіргі кезде біз қаржы министрлігінің бірыңғай архитектурасының негізінде келесі қадам жасай алатындай, дамудың жеткілікті деңгейіне қол жеткіздік деп есептеймін. Біз  «иә» дейміз, IT-секторға инвестицияларды қолдаймыз.  Соның ішінде жаңа технологиялар паркінің базасында бұл жоба жалғасып жатыр. Оған ресурстар құюды тоқтатқан емеспіз. Бұған қоса, ақпараттық технологиялар паркінің негізінде жеке сектордың қатысуымен IT-университет құрылады. Бұл - өте маңызды және келешегі мол бағыт», - деп түсіндірді үкімет басшысы.

IT-индустрияның дамуы қарқынды жүріп жатыр, сондықтан саланың қазақстандық өкілдері ілгері жылжуға тиіс, деп еске салды ол.

«IT-индустрияның өзінен басқа, кадрларды даярлау, қайта даярлау, IT-мамандарды тарту қажет», - деді К. Мәсімов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321