Бейсенбі, 6 Ақпан 2025
Жаңалықтар 1433 1 пікір 27 Желтоқсан, 2024 сағат 16:29

Ақтауға Бразилиядан Embraer зауытының өкілдері келді

Сурет: Азаттық радиосы телеграм арнасынан алынды.

Ақтауға Бразилиядан Embraer ұшағын шығаратын зауыттың өкілдері келді, - деп жазды Азаттық радиосы.

Ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия апат орнына барған. Қазақстанға тағы CENIPA (авиация оқиғаларын зерттейтін орталық) өкілдері келмек.

Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін шетелден келетін мамандар шешеді деп айтқан. Оны оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек деді.

Abai.kz

1 пікір