Сәрсенбі, 8 Қаңтар 2025
Билік 711 2 пікір 6 Қаңтар, 2025 сағат 10:49

Әзербайжан азаматы Тоқаевқа алғыс айтып, хат жолдады...

Суреттер: akorda.kz сайтынан және хат иесінің мұрағатынан алынды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға
Әзербайжан Республикасы Жалиллабад ауданы Гүлмаммедли ауылының тұрғыны, әскери қызмет мүгедегі Ибишов Дашгын Мехмет оғлы алғыс хатын біздің редакция арқылы жолдапты. Біз аталған үшбу хатты қазақ тіліне аударып, оқырман талқысына ұсынып отырмыз...


Құрметті Президент мырза!

2024 жылғы 25 желтоқсанда Әзербайжан Республикасының AZAL-Грозный бағытындағы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласында апатқа ұшырады. Сол күні сіздің нұсқауыңыз бойынша апаттан зардап шеккендерді ұшақтан құтқару, сондай-ақ дәрігерлер тобының апат орнына жедел жетіп, жоғары деңгейде кәсібилік танытуы арқасында көптеген адамдарға көмек көрсетілді. Ұшақтан зардап шеккендер мен қаза болғандардың денелерін құтқару топтары, сондай-ақ медицина қызметкерлері үлкен жанқиярлықпен жұмыс атқарды.

Сіздің адамгершілікке толы шешімдеріңіз үшін, сондай-ақ Қазақстанның барлық құтқару қызметтері мен медицина мамандарының мұсылман бауырларымызға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Мен Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевке жүгініп, сізді “Ар-намыс” орденімен марапаттау ұсынысын жасаймын, себебі сіз өз адамдық борышыңызды әділ және лайықты орындадыңыз.

Мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару топтарының және Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының өз міндеттерін адал және әділ орындағанын ерекше атап өткім келеді. Олар ұшақта зардап шеккендерге жоғары деңгейде көмек көрсетті. Мұсылман мемлекеті президенті ретінде сіздің осындай батыл қадамдарыңыз мақтауға лайық. Сізді қазақ халқының ғана емес, мұсылман қауымының ар-намысы мен абыройын асқақтатқан тұлға деп есептеймін.

Қазақстан халқының бұл қайғылы оқиғаға шынайы жанашырлық танытып, Әзербайжан азаматтарына көмек қолын созғаны үшін алғысым шексіз. Бұл мұсылмандық сезімнің айқын көрінісі деп білемін. Қаза болғандардың отбасыларына сабыр, ал зардап шеккендерге тез сауығып кетуін Алладан тілеймін.

Қазақстан халқының мұсылмандарға қолдау көрсететінін дәлелдеген бұл ісі - бәрімізге үлгі. Ендігі жерде әлемде мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбауын Алладан тілеймін.

Құрметпен,
Әзербайжан Республикасының азаматы
Ибишов Дашгын Мехмет оғлы

Abai.kz

2 пікір