АЭС салуға қанша адам тартылмақ? Министр не дейді?

Алматы облысындағы атом электр стансасын салу жобасына қанша адам тартылатынын ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министр Үкіметтің «Жұмысшы мамандықтары жылы» туралы отырысында жасаған баяндамасында:
- Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды, - деді баяндама барысында Алмасадам Сәтқалиев.
Abai.kz