Әділет министрі ауысты. Жаңа министр кім?
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Президент Жарлығында:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған.
Ерлан Сәрсембаев кім?
1975 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.
Қызмет жолы:
2016 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерде болды: Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісі (2016-2017). ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары (2017-2019). ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2019-2022).
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды. (01.01.2023 ж. бастап)
Abai.kz