Елімізде үш атом электр станциясы салынуы мүмкін
Қоғамда жиі талқылауға түскен мәселенің бірі «Елімізде АЭС салу керек пе, жоқ па?» деген тағдырлы да толғамды мәселе. Бұны қолдаушылар да, қарсы шығушылар да бар екені шындық.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор», - дей келе,елімізде екінші, үшінші АЭС салынуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Аталған жобаға Батыс елдері де қызығушылық танытып отырғанын айтқан ол Ресей басшысы елімізге сапарлай келгенде, бұл мәселе туралы талқылау болғанын алға тартты.
«Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр», - деді Президент Ana tili газетіне берген сұхбатында.
Соңғы уақытта Қазақстанда АЭС салу мәселесі көпшіліктің назарын аударып, осы жобаға дайындық ретінде бірқатар іс-шаралар жүргізілгені анық. АЭС жөнінде қоғамда әртүрлі сұрпқтар туындап, әлеуметтік желіде де жпзбалар жариялпнды. Былайша айтқанда,бұл мәселенің анық-қанығы туралы жұртшылық әлі толық түсінген жоқ.
Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталып: «Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.
АЭС-ті қай елдің салатыны жақында белгілі болады. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда бір емес, екі, тіпті үш атом электр станциясы салвнса,еліміздегі атом энергетикасы дамыған ел ретінде қарастырады.
Abai.kz