Калифорниядағы өрт: Голливудтағылар не дейді?
Калифорния штатындағы өршіген алапат өрт бүкіл әлемнің назарын аударды. Дүлей өрттің себебінен көптеген тұрғын баспанасынан айырылды. Жергілікті халықтың бас амандығын сақтау үшін жергілікті билік оларды уақытша көшіруге кірісті.
Әзірге өрттің неден болғаны белгісіз. Ал осы апаттың салдарынан АҚШ-тың танымла кино және өнер жұлдыздары қымбат үйлерінен айырылды. Джефф Бриджес пен Мел Гибсон – Лос-Анджелес аймағында өршіп тұрған орман өртінен баспанасыз қалғандардың қатарында. «Ессіз жүрек» фильмі үшін «Оскар» жүлдесін алған, «Қарт адам» телехикаясында басты рөлді сомдаған Бриджестің ата-анасынан мұраға қалған Малибудағы үйін өрт шалып, әп-сәтте зым-зия қылды.
Ал тағы бір Оскар сыйлығын алған киножұлдызы Мел Гибсон да Малибудағы үйінің толығымен жанып кеткенін айтты. «Әке» фильмі үшін екі рет «Оскар» сыйлығының иегері атанған актер Энтони Хопкинс пен оның әйелінің үйі де өрт астында қалды», деп хабарлайды Hollywood Reporter ақпарат көздері. Instagram-да жариялаған хабарламасында ол «біз үшін мәңгілік нәрсе ол – махаббат екен» деді ол.
Пэрис Хилтон, Билли Кристал, Адам Броуди және Мило Вентимиглиалардың да сәнді сарайлары көзді ашып жұмғанша көк түтінге оранып, күлге айналды. Жұма күні Инстаграмдағы жазбасында Хилтон қонақүйінің иегері жазба жариялады. «Жүрек жарасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - деді ол қазір отбасының қауіпсіз екенін айта келе.
Рози О'Доннелл, The View бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі де Малибудағы жағажайдағы үйін өрт шалғанын мәлімдеді. Жағдайға назар салсақ, ең ауыр апат Тынық мұхитындағы Палисадтар маңында боғланы анық. Онда жүздеген үй күлге айналды. Ал Актер Билли Кристал өзінің және оның жұбайы Дженистің 1979 жылдан бері тұрып келе жатқан Тынық мұхиты жағасындағы баспанасынан қас-қағым сәтте айырылып, «жүрегі ауырғанын» жеткізді. «Біз балаларымыз бен немерелерімізді осында өсірдік. Үйіміздің әрбір сантиметрі махаббатқа толы болды» деді ол аталған оқиға туралы.
Соңғы деректерге негізделсек, Netflix-тің «Ешкім мұны қаламайды» хит шоуында басты рөлді сомдаған Адам Броди мен «Gossip Girl» фильмінің бағын ашқан Лейтон Митерге тиесілі үй де қирап қалды. Актриса Даниэлла Пинеда да үйі өртенгендер тізімінде тұр. «Менде қазір жалғыз ғана аяқ киім бар», деді ол күрсіне.
Abai.kz