Ресей мұнайына сұраныстың азаюы мұнай бағасын өсірді
Әлемдік нарықта ресейлік мұнай экспортын қысқаруды күту жағдайы мұнай бағасын қымбаттата бастады. Бұл туралы Мың теңге телеграм арнасы жазды.
«KazService» ұйымының хабарлауынша, Brent маркалы мұнай бағасы 10 қаңтарда 3,69%-ға өсіп, барреліне 79,76 долларға, WTI мұнайы 75,75 долларға жетті. Ал 13 қаңтарда Brent 81,53 доллардан асса, WTI 77,46 долларлық межені бағындырды.
Goldman Sachs, RBC Capital Markets және JPMorgan Chase секілді халықаралық ұйымдар болжауынша, санкцияға байланысты ресейлік мұнай экспортының қысқаруы сұранысты азайып, шикізат бағасын қымбаттатады. Goldman Sachs баға қысқамерзімді перспективада Brent 85 долларға жетуі мүмкін дейді.
Мұнай бағасының өсуі Қазақстан үшін өте пайдалы. Себебі бюджетіміздің жартысынан көбін мұнайдан түскен табыс құрайды.
Abai.kz