Ресей Беларусьті аннексиялайды. Келесі кім?..
Американдық сарапшылар: «Ресей Беларусьті аннексиялайды», - дейді. Сонда орыстың түкті аузына келесі түсетін біздің қазақ болғаны ма?!
«Жұрттың бәрі білетін бір ақиқат – Ресей де-факто Беларусьты аннексиялап отыр. Әрине бұл процесс әлі аяқталмаған болса да, Путин билігі Минск арқылы НАТО-ның шығыс елдері мен Украинаға қауіп төндіре алатын кезеңге жетті», - делінген Соғысты зерттеу институтының (ISW) зерттеуінде.
Сарапшылар: «Мәскеу өзінің реваншистік мақсаттарын жүзеге асыру үшін көрші елдің географиялық, экономикалық және адами ресурстарын өз қалауы бойынша пайдаланатын болады. Бұл процесс Владимир Путиннің кетуімен де аяқталмайды», - дейді.
Олардың пікірінше, егемендігін толық жоғалту қаупі төнген Беларусь мемлекетінің бағынуы - Кремльдің ұзақ мерзімді ойластырылған стратегиясы, ол барлық мемлекеттік арналар бойынша әскери, саяси және экономикалық салаларда жүзеге асырылады һәм нәтижесін бере бастады.
«Беларусьтің де-факто бағынуы, егер ол аяқталатын болса, Кремльдің ережелерге негізделген, барлық мемлекеттер егеменді болып табылатын халықаралық құқықтық тәртіпті бұзу жөніндегі стратегиялық күш-жігеріне зор үлес қосып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы табысты тұтас елдің аннексиялануының бір үлгісі болады.
Кремль тіпті, Батыс Украинаға Ресейді соғыста жеңіп, НАТО-ның шығыс қанатын нығайтуға көмектесетін ең қолайлы сценарийінде де Беларусьтің аннексиясына қол жеткізе алады. Оқиғаның мұндай дамуы альянстың шығыс қанатындағы елдердің қауіпсіздігіне елеулі әсерін тигізеді, себебі Ресей Беларусьті өз экономикасын қалпына келтіру үшін де, мысалы, Балтық елдері мен Польшаға соққы дайындау үшін де пайдалана алады», - деп жазады ISW.
Осы орайда орыс десе, жатып жастық, иіліп төсек болатын біздің билік ақылға келетін шақ туды. Өйткені, елдің 60 пайызы таза қазақ тілінде сөйлеп жүрсе де, Астана мен Алматының шүлдіріне қарап, солтүстіктегі ордалы «ждундарды» алға тартып: «Қазақстан – орыс тілді мемлекет» деген Путиннің сөзінің астарында сендерге «Беларусь тағдыры дайын тұр» дегенді білдіреді.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz