Түркі Тегі Одағын құру керек: Қазақ енді алданбау керек!
1. Егемендік алғалы, осы күнге дейін барлық мүмкіндіктерді тек баюға салу, қысқа мерзімде жеке бастың және кішкентай айналысының баюына, мақсат-мүддесіне салу, бұрынғы жүйенің, биліктің, ескі Қазақстанның негізгі ИДЕОЛОГИЯСЫ болды.
Негізгі идеология – коррупция, ұрлау баю. Қазақ халқы алданды. Академик С.Зимановтан бастап ізгілікті жолды қанша жазсақ та, айтсақ та тыңдамады. Керісінше қысым, қиянат жасалды. Академик Қ.Сәтбаев бастап құрған Мемлекеттік Ұлттық Ғылым Академиясын жауып тастау, Ғылымның тамырына балта шабу, прогресске жол жоқ деген сөз… Қ.К.Тоқаев «указбен» «ҚР ҰҒА-ны мемлекеттік» жасады, Ғылымды қайтарды.
2. нді біз тек осындай келеңсіздіктен бас тартып, жаңа білімді, ғылымның жетістігін іске асыру арқылы рухани кемелденуге, қоғамды ізгілендіруге, Ұлы Абай айтқандай мәнді «еңбек пен ақылға» салсақ, екеуі алып шығар екі жақтап. Қалғаны келеді, халықтың күн-көріс деңгейі, жағдайы көтеріледі. Әлі де ат төбеліндей азғантай халыққа байлығымыз шаш етектен. Тек К.Маркс айтпақшы 100-1000% бұрынғыдай ұрлауды қойсақ, коррупцияға балта шабылса өмір түзеледі.
3. Ғалым ретінде айтайын. Алдымызда рухани революция тұр: ол интеллектуалды экономика, нейротехнология, жасанды интеллект, қоғамды гуманизациялаудан, т.б. Міне, енді біздің келешегіміз осыларды игеруге байланысты. Алдымызда жаңа өркениет ғасыры, жаңа формация, интегральды қоғам, гуманитарлық ноосфералық цивилизация есік қағып тұр. Ол бүкіл адамзаттың бірігуімен іске асады. Бізде соның іргесіне бір кірпіш болып қалануымыз керек. Сонда ғана біздің Түркі Тегіміздің Еуразия құрылығында ең жоғарғы ҰЛЫ ИМПЕРИЯ болғанымызды ЕКІНШІ рет әлемге дәлелдеуіміз мүмкін!
4. Жоба жасалды, қысқаша айтсам. Ол үшін Еуроодақ (ЕС) сияқты Түркі Тегі (ТТ) Одағын құру керек. Туркістанда Түркі тілдес 220 млн. халықтың өкілдерімен, Ұлы Жібек Жолында (ҰЖЖ) 1-ші рет Әлемнің Түркі тілдес халықтарының «ТҮРКІ ТЕГІ ҚҰРЫЛТАЙЫН» өткізу керек. 6 мемлекет басшыларымен шешім жасап «ТҮРКІСТАН-ТҰРАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫН», қабылдап, Түркі Тегі Одағын құру». Стратегиялық мақсат – ҰЖЖ-да Түркі Тілдес халықтарының рухани, мәдени-тарихи жаңғыруы арқылы алдымыздағы әлемдік жаңа өркенинетке үлес қосу.
Түркі Тегі (Т.Т. ) одағының түпкі мақсаты – Евразиядағы барлық түркі тілдес елдерді, халықтарды интеграциялап, бірлігін қалыптастыру арқылы олардың өркениетін, тарихи, мәдени, діни,этникалық құндылықтарын ,тілін,жерін, ауыл-аймағын, жалпы экономикасын сақтау және дамыту жүйесін жасап, әлемде бәсекелес өркениетті дамыған халықтардың бірегейі болу!
Оразалы Сәбден,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик
Abai.kz