Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2025
Экономика 160 1 пікір 20 Қаңтар, 2025 сағат 17:10

Жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер керек?

Сурет: ortcom.kz сайтынан алынды.

Депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстанның жаңа Салық кодексіне қатысты бірқатар маңызды ұсыныстарын таныстырды. Бұл өзгерістер еліміздің экономикалық тұрақтылығын арттыруға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Негізгі ұсыныстарға тоқталайық:

1. Құмар ойындарға салықты арттыру Құмар ойын бизнесі, соның ішінде букмекерлік кеңселер, салықты екі есе көп төлеуі мүмкін. Ставканы 10%-дан 20%-ға дейін көтеру ұсынылды. Бұл қазынаға қосымша жүздеген миллиард теңге түсіруі ықтимал. «Бюджетке түсетін пайда еселеп артады», – дейді Аймағамбетов.

2. Банктерге корпоративтік салықты көбейту Банктердің жоғары табыстылығын ескере отырып, корпоративтік табыс салығын 25%-дан 30%-ға дейін арттыру ұсынылды. «Дивидендтердің бірнеше есе өскенін ескерсек, бұл әділетті қадам», – деп атап өтті депутат.

3. Алкоголь мен трансмайларға акцизді арттыру Зиянды өнімдерді қысқарту мақсатында алкоголь мен трансмайларға салықты көбейту ұсынылды. «Трансмайлар – арзан, бірақ өте зиянды. Бұл шешім өндірушілерді табиғи майларды қолдануға ынталандырады», – дейді депутаттар.

4. Дәрі-дәрмек пен медицинаға НДС енгізілмейді Аймағамбетов дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге НДС енгізуді дұрыс емес деп санайды. «Бұл халыққа ауыр тиеді. Әсіресе балалар, зейнеткерлер және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін», – дейді ол.

5. Банктік операцияларға НДС болмайды Депутат банктік аударымдарға НДС енгізуді «нонсенс» деп атап, бұдан бас тартуды ұсынды. «Төлем жүйелерінің құны онсыз да қымбаттап жатыр. Қосымша салық халыққа кері әсерін тигізеді», – деді ол.

6. Эндаумент-қорларға қолдау көрсету Қайырымдылықты дамыту мақсатында эндаумент-қорларға бөлінген қаражатты салықтан босату ұсынылды.

7. B2B-секторға жеңілдік Кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимін жеңілдету ұсынылды. B2B-секторға салық мөлшерін 12%-дан 8%-ға дейін төмендету қарастырылуда.

8. Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру Депутат салықты арттырумен бірге мемлекеттік шығындардың да құрылымын қайта қарау керектігін баса айтты: «Әкімшілік ғимараттар, үлкен стадиондар мен имидждік іс-шараларға жұмсалатын шығындарды қысқартпайынша, салық саясаты өз тиімділігін бермейді».

Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы

Abai.kz

1 пікір