Сейсенбі, 4 Ақпан 2025
Жаһан жаңғырығы 184 1 пікір 4 Ақпан, 2025 сағат 15:37

Жендет жаһанамға жол тартты

Сурет: lenta.ru сайтынан алынды.

Мәскеудегі «Алые парусы» элиталық тұрғын үй кешеніндегі жарылыстан Украинада соғысып жатқан «АрБат»-ты (армян батальонын) құрған Армен Горловский ретінде белгілі Армен Нагапетович Саркисян қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Алые парусы» тұрғын үй кешеніндегі жарылыстан ауыр жарақат алғандығын құқық қорғау органдарынан хабарлады.

Саркисян ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Оған бас пен кеуденің ауыр жарақаттары диагнозы қойылған. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, жарақат салдарынан дәрігерлер Армен Саркисянның сол аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған.

Оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр деген хабардан кейін алған жарақатынан қаза болғаны белгілі болды.

«Алые Парусадағы» жарылыс фактісі бойынша үш бап бойынша іс қозғалды.
Атап айтсақ, екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталу, қауіпті тәсілмен кісі өлтіру және заңсыз қару айналымы.

Тергеу осы себептердің екі нұсқасын қарастыруда: біріншісі – бизнесті бөлісе алмау; екіншісі - 2015 жылдан бері «Бітімгершінің» базасында тіркелген «Арбат» батальонын құрған Армен Саркисянға украиндар тарпынан жасалған қастандық.

Abai.kz

1 пікір