Almaty TV қала көшелері мен даңғылдарына жаңа жоба арнайды
Үш жылда Алматыда 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды. Бұл туралы Almaty TV хабарлады.
Әр шығарылымда авторлар тұрғындармен, тарихшылармен және сәулетшілермен бірге осы уақытқа дейін көрерменге беймәлім болып келген көптеген фактіні ашады, сонымен қатар қала әкімдігінің өкілдері Алматының қоғамдық кеңістіктерін, көшелері мен даңғылдарын қайта құру және өзгерту жоспарлары туралы әңгімелейді.
Алматы көшелері – мегаполиспен бірге дамып, өсіп, келе жатқан тұтас тарих әрі өзіндік әлем. Телеарна тілшілері бағдарламаның бірінші бөлімін Алматының бүгіні мен болашағын біріктіретін, қаланың іскерлік және тұрғын аудандарын тоғыстыратын Абай даңғылына арнады.
«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен инфрақұрылымды дамыту аясында Абай даңғылында радиалды жол салынып жатыр. Бүгінде Строительная көшесінен қала шекарасына дейін негізгі жолдың бойындағы жол құрылысы жұмыстары аяқталды. Мамыр айының соңына дейін көлік қозғалысын ашуды жоспарлап отырмыз. Тек жүргіншілер жолы, веложолдар, резервтік көшірмелер және сыртқы жарықтандыру жұмыстары қалды», - деді қалалық мобилділік басқарманың бөлім басшысы Айдос Желдікбаев.
Айта кететін бір нәрсе, үш жылда Алматыда 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жол салынды. Биыл тағы 300 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіп, 35 шақырымнан астам жаңа жол салу жоспарланып отыр.
Бағдарламаның алдағы сандарында Алматыда қала әкімінің бастамасымен алғаш рет «Қасбеттен қасбетке» қағидасы бойынша Достық даңғылы мен Пушкин көшесін абаттандыру жобасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтылады. Жобада автомобиль жолымен қатар, жүргінші жолын, іргелес аумақтарды, қасбеттерді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстары да қарастырылған.
Бұған дейін «Алматы» телеарнасында «Шаһар шырайы», «Made in Almaty» жобалары жарыққа шығып, жаңалықтар «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» айдарларымен толыққан еді. Алдағы уақытта «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» сияқты бірқатар жаңа бағдарламалар эфирге шығады.
Abai.kz