Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Ауыс-түйіс 1098 11 пікір 17 Ақпан, 2025 сағат 16:34

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Ақорда Жарлығында:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.

Берік Уәли Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келген.

Білімі: кинотанушы, журналист және заңгер.

Әр жылдары: Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, сондай-ақ Инвестициялар министрі болды. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. «Хабар» агенттігі» АҚ директоры болды.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі және Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 810
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3026
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2057