Жұма, 21 Ақпан 2025
Асқанға - тосқан 579 0 пікір 19 Ақпан, 2025 сағат 18:03

Еліміздегі алты әуежайға тексеріс жүргізілді

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды. Өз кезегінде «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду баяндама жасады.

«AZAL әуе компаниясы ұшағының апаты нәтижесінде басталған тапсырмаңызға сәйкес, біз алты әуежайды: Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен әуежайларын әуеайлақтардың техникалық жай-күйі және ұшуды қажетті қамтамасыз ету тұрғысынан басымдықпен тексердік.
Сонымен қатар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan алты тұрақты әуетасымалдаушының 71 азаматтық әуе кемесіне перрондық тексеру жүргізілді, 686 әуе компаниясы ұшқышының дайындығы мен ұшу алдындағы бақылауына талдау жасалды»,
— деді К.Раду.

Сондай-ақ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, авиациялық қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, азаматтық авиацияның негізгі субъектілерін жоспардан тыс тексеру жалғасуда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу қауіпсіздігі деңгейі 74%-дан 82%-ға дейін көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтау қаласының маңындағы ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша бірқатар тапсырма берген болатын.

Abai.kz

0 пікір