Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
46 - сөз 3501 12 пікір 20 Ақпан, 2025 сағат 18:49

КҚК-ға шабуыл: Украина тарабы жауап беруі керек!

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Кеше ғана Каспий құбыр консорциумын (КТК) украиндық қарулы дрондар ашық шабуылдады. Бұл бомбалауды украиндық қарулы күштері растады. Дегенмен, атқылаудың себебі бойынша украиндық қарулы күштерінің позициясы анық емес.

«Не үшін, неге?» – деген сұрақтарға нақты саяси жауап алуымыз керек. Өйткені, бұл стратегиялық Каспий құбыры бойынша тек қана қазақстандық мұнай тасымалданатыны барлығына мәлім. Яғни, бұл қарулы шабуылды ірі халықаралық жобаға жасалған қиянат деп бағалауға болады.
Одан қалса, біздің еліміздегі өндірілетін мұнай да АҚШ, Еуропа мемлекеттерімен ортақтасқан ірі Трансұлттық компаниялардың үлесі бар екені анық.

Ең бастысы АҚШ, Еуропа мен Қазақстан әрдайым осы соғыстың бейбіт аяқталуы үшін өзінің тікелей саяси көзқарасын білдіріп жүр. Нақтыласақ, Қазақстан бұл арнайы әскери операцияны басынан бастап қолдамаған және позициясын ашық жариялады.
Ресейді соғысты тоқтатуға да шақырған біз едік. Барлық тараптарға арнайы алаң беруге дайын екенімізді ашық жариялап, шиеленістің бейбіт түрде шешілуін және оған БҰҰ-ның араласуын да ұсындық.

Сондықтан, тез арада аталған шабуылға украин жағы барлық халықаралық шарттарға сәйкес саяси жауап беруі тиіс деп ойлаймын. Бұл мәселені Сыртқы істер министрлігі өз бақылауына алуы тиіс.

Самат Нұртаза, Мәжіліс депутаты

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 898
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2326
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 600
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582