Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5899 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:20

Азамат Азаматыш. Цезарьдан кейінгілер кімдер?..

Өткен аптада Қазақстан қоғамында айтарлықтай жаңалық болып қалды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа мемлекетте мәңгілік президент болып қала беріңіз деген ұсыныстар айтылды. Осыған орай біз елді мәңгілік билеуге ұмтылған тұлғалар туралы жазылған тарих беттеріне шолу жасамақпыз.

Тарихтағы мәңгілік билеушілер

Алғашқы мәңгілік билеуші б.з. дейінгі 45 жылы Гай Юлий Цезарь болған. Одан кейін 1802 жылы Наполеон Бонапарт мәңгілік алғашқы консул болып аталған. Артынша елді өмірбақи билегісі келген тұлғалар тізімі арта түседі. Бірақ олардың көбі тақта өмірінің аяғына дейін отыра алмай кеткен екен. Қайсыбірі тақтан құлаған. Қайсыбірінің өміріне қарсыластарының тарапынан қастандық жасалған.

Тәлейіне ерекше тағдыр бұйырып, елді ғұмырларының аяғына дейін билеген адамдар бұл: Раффаэль Каррера (Гватемала), Франсуа Дювалье (Гаити), Хосе Гаспар Родригес де Франсиа (Парагвай), Индонезия президенті Сукарно (1963 жылы Сукарно Уақытша кеңестік конгресстің шешімімен Индонезияның мәңгілік президенті болып сайланған), Сапармұрат Ниязов (бірақ қоғамда С.Ниязовтың өлімі туралы әр түрлі версиялар бар) және Югославияның алғашқы президенті Иосип Броз Тито болды.

Сондай-ақ КХДР президенті Ким Ир Сен секілді билеушілер фиктивті сайлаулар арқылы қайра сайланып, іс жүзінде елді ғұмырының соңына дейін билегендердің қатарына қосылды. Ким Ир Сен 1994 жылы қайтыс болғаннан кейін КХДР-ың мәңгілік президенті деп танылды.

Мемлекетті мәңгілік билегісі келіп, бірақ халықтың қолдауын ала алмай «арманда» өткендерде болды. Олар: Конго Демократиялық Республикасының президенті Мобуту Сесе Секо (1972 ж.), Леннокс Себе (ОАР), Уганда президенті Иди Амин, Тунис президенті Хабиб Бургиба, Экваториалды Гвинея билеушісі Франсиско Масиас Нгема.

Тағы бір қызық жәйт, бұл мәңгілік билеушілер  президенттіктен басқа да бірқатар жоғарғы лауазымдарда болған. Мысалға, Орталық Африка республикасының президенті Бокасса бұл лауазымнан басқа өзіне Үкімет төрағасы, Ұлттық қорғаныс министрі, ақпарат министрі, сондай-ақ мемлекеттегі жалғыз ғана рұқсат етілген «Қара Африканың әлеуметтік эволюциясы қозғалысы» атты саяси партияның төрағасы болған екен.

Мәңгілік президенттердің тақтан құлауы

Жоғарыда айтып өткеніміздей, «мәңгілік» президенттердің басым көпшілігі тақтан құлатылған немесе белгісіз бір себептермен қайтыс болған көрінеді.

Мысалға, Конго Демократиялық республикасының президенті Мобуту Сесе Секо 1996 жылы халықты жаппай көтеріліске алып шыққан  оппозицияға қарсы еш қарсылық таныта алмай елінен қашуға мәжбүр болды. Мобуту қашып жүріп Франция мен Тогодан саяси баспана сұрап, бірақ оны ала алмады. Ақырында экс-диктатор Мароккода қалып, жарты жылдан кейін ауырып қайтыс болыпты.

Ал 1912 жылдан бастап Қытай республикасының мәңгі президенті болғысы келген Юань Шикай бастапқыда мемлекеттің Ұлттық кеңесін таратып, биліктің барлық тармақтарын өзіне қаратқысы келген. Қаншама адам репрессияға ұшырап, мемлекеттің көкейкесті мәселелері шешілмеуіне байланысты 1915 жылы бұрынғы мәжбүрлікпен тарап кеткен Ұлттық кеңестің мүшелері бірігіп халықты көтеріп Шикайды тақтан түсірген болатын.

1960 жылы Гаитидің алғашқы президенті болған Кваме Нкрума  Гаитидің мәңгілік президенті болғысы келген. 1964 жылы мемлекетте бір партиялық жүйені енгізіп, орнықтыруының арқасында Нкрума Гаитидің мәңгілік президенті болып танылған. Бірақ 1966 жылы Гаитиде оппозицияның әскери төңкерісінен кейін тақтан ұшты. Бұл төңкерістің негізгі ұраны «Авторитарлы режимге қарсы - демократиялы басқару үшін» деп аталған. Өз мемлекетінен қашқан Нкрума Гвинеяға барып саяси баспана алып, өмірінің соңғы күндерін де сонда өткізіпті.

Жоғарыдағы билеушілердің арасында сөз бостандығын аяққа таптап, саяси жарыстарда әділ бәсекелестікке жол бермей, елдегі азат ойлы адамдарды саяси қуғын-сүргінге ұшыратқандары да бар. Мәңгілік билеушілірдің қатарынан алайда, елінің атын әлмеге әйгілеп, даңқын асырғандар да табылады.

Гай Юлий Цезарь. Рим державасының ғұлама басшысы өз заманында билігін Солтүстік Атлантикаға дейін кеңейтіп, бүгінгі Франция аумағына дейін бағындырған. Сондай-ақ әрқашан мемлекетінің территориясын кеңейтіп отырған.

Наполеон Бонапарт. Бонапарт өз кезеңінде Францияны әлемдік державаға айналдырып, әлемді дүр сілкіндірген тұлға болатын.

Елді мәңгілік билегісі келетін тұлғалар Африка құрлығының ең құлдыраған елдерінен шығып отырыпты. Тағы да назар аударыңыз, олар: Гана, Заир, Малави, Экваториалды Гвинея, Тунис, Индонезия.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963