Сейсенбі, 18 Наурыз 2025
Азамат 1956 3 пікір 17 Наурыз, 2025 сағат 11:04

Естігенімді емес, көзбен көргенімді айтайын...

Сурет: jebeu.kz сайтынан алынды.

Еліміз тәуелсіздігін алған соң көп ұзамай шетелдің жері болып кеткен кең даламыздың әр пұшбағында қалған қандастарына құшағын жайып, қарсы алды. Біз сияқты 40-тың ар жақ бер жағындағы азаматтардың көші  2002-2007 жылдарың арасында белсенді жүрді. Оған себеп Қазақстан тәуелсіздігін жариялай салысымен Қытай, Моңғолия, Өзбекстандағы 20 мен 30-дың арасындағы  қазақ жастары ертеңім не болады деп ойланбастан, қызметтерін тастап елге оралған еді. Келіп 10 жыл ішінде ел экономикасы мен саясатына, мәдениетіне белсене араласып, алғашқы болып көші қон заңының қабылдануына, шетелдегі қазақ жастарының ҚР білім грантына ие болуына түрткі болған. Сол тәуелсіздікпен бірге елімізге келген жастар қазір ел ағасы болып, мерейлі 60 жасқа толып жатыр. Өздерінен кейінгі қауымқа жол ашқан азаматтардың бірі Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, Алматы қаласы бойынша бөлімшесінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы.  

Омарәлі Әділбеұлымен жеке таныстығым 2016 жылы әнші, сазгер, «Көктуым» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлының 50 жылдығы қарсаңында басталды. Оған дейін өзіміздің алдымыздағы қандастар көшіне жол салған Рақым Айыпұлы, Омарәлі Әділбекұлы, Базарәлі Әріпұлы қатарлы азаматтарға оңды көзқарасымыз бола қоймаған. «Тәшкен көрген» деген сияқты, Қытайдан келген қандастардың ішінде кейбір замандастарымыз бен ағаларымыз «Пекин көргендер» деп аталған бірғанша азаматтар туралы қоғамға теріс пікір орнатуға әрекет жасаған. Жасырары жоқ, олардың нәсихатына біз де иланып қалғанбыз. Омарәлі Әділбекұлы, Рақым Айыпұлы, Базарәлі Әріпұлы бастаған ағаларымыздың Елім деп өткен Ермұрат Зейіпханұлының 50 жылдық мерейтойын ұйымдастыруы жастар мен аға буынның арасындағы сол түсінісбеушіліктерді жойып, азаматтарымызды жақыннан тануға себеп болып, Ерағамыз басымызды қосқан еді.  

Омарәлі Әділбекұлының Қытайдың астанасында жүріп Маскеудегі Мұрат Әуезовтар құрған «Жас Тұлпар» сияқты қазақ жастарының ұйымын құрғанын, Үрімжі қаласындағы қызметін тастап елге келгенін, елге келгеннен кейінгі 2016 жылға дейінгі еңбектерін айтбай-ақ қояйын. Оны менен көрі замандастары айтқаны нақты болады. Ал мен өзім көрген  2016 жылдан бергі шаруаларның бір бөлімін тілге тиек етейін. 2017 жылдың соңында «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің ақпараттық сайты іске қосылды. Сол кезден бастау Jebeu.kz порталын жүргізіп, қандастар үшін жасаған көптеген еңбектерінің куәсы болдым.  

2017-2019 жылдары Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы күрт нашарлап, көптеген қандастарымыз саяси қысымға ұшырады. Осы қиын кезеңде Омарәлі Әділбекұлы Қытайдағы қазақтардың құқықтарын қорғау мақсатында белсенді жұмыс атқарды. Ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Парламентімен және Үкіметімен тығыз байланыста болып, қандастарымыздың мәселелерін көтерді. Алматыдағы Қытай консулдығының өкілдерінмен Қытайға барып, елге қайта алмай қалған, тустары қамауға алынған қандастарды қатыстырумен  3,4 рет кездесу өткізіп қандастар мәселесін ашық талқылап, консулдық, елшілік жағынан жасаулға тиісті шаралалар жөнінде нақты талаптарын қоя алды. 2018 жылдың 13-18 тамыз аралығында Омарәлі Әділбекұлының бастауынад «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің 4 мүшесі бар және басқада қоғамдық ұйымдардан құралған делегация Қытайға барып, Бейжің және Үрімжі қалаларында Қытай тарапымен келіссөздер өткізіп, қандастар мәселесін талқылады. Пекиндегі 3 министрлікке, Үрімжідегі 12 департамент басшысынына Қытайдағы қандастардың негізгі мәселелерін сауал ретінде қойған. Жалпы 2017-2018 жылдары Қытайдағы қазақтардың мәселесі бойынша 400-ге жуық қандастың шағымын Қытай консулына кіргізген.  

Омарәлі Әділбекұлы қандастар мәселесін шешу үшін Қазақстан Үкіметіне, Парламент депутаттарына және Президент Әкімшілігіне бірнеше рет хат жолдады. Бұл хаттарында ол Қытайдағы қазақтардың жағдайын баяндап, олардың құқықтарын қорғау және Қазақстанға қоныс аударуына қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Оның бұл бастамалары мемлекеттік органдардың назарын қандастар мәселесіне аударып, тиісті шаралардың қабылдануына септігін тигізді. Бұндай жұмыстарды күн демей, түн демей жалғастырды. Кейбір хаттарды түннің жартысына дейін кеңседе отырып жазған күндеріміз болған.  

2017-2019 жылдары қандастардың Қытай паспорттарының мерзімі өтіп кетті. Қытайдағы жағдайға байланысты олар Қытайға барып қайта паспорт жасата алмады. Соның салдары олардың құқықтық мәртебесіне және Қазақстанда тұрақты тұруына, ҚР азаматтығын алуына кедергі болды.  Омарәлі Әділбекұлы бұл мәселені шешу үшін Қытайдың Қазақстандағы консулдықтарына арнайы хат жазып, қандастардың шағымын жолдады. Осының нәтижесінде 300-ден астам этникалық қазақтың паспортын Қытай консулдығы қайта жасап берді. Қандастардың құқықтық мәселелері шешіліп, Қазақстанда тұрақты тұрып, ҚР азаматтығын алу мүмкіндігі пайда болды.   

Дәл осы 2017-2019 жылдары қандастар мәселесін көтереміз деп түрлі азаматтар, түрлі күштер әртүрлі деңгейде жұмыс жасады. Арасында қандастарды желеу етіп, керісінше ел арасына ірткі салушы топ та, арамзаға ерген аңғал «батырлар» да болады. Қандастар мәселесін шешеуде дипломатикалық жолды таңдаған Омарәлі Әділбекұлы бастаған азаматтарға түрлі жала жауып, «қытайшыл» деп күстаналап күнде ақпараттық шабуыл жасады. Өзіне қарсы ақпараттық шабулыдан қанша шаршаса да Омекең бұл кезде битке өкпелеп  тоныңды жақпа деген ұстанымда болып, бәріне шыдап өз жұмысын жалғастырды. Ұстанымына берік болып, тура жолда жүргенін нақтые еңбегімен дәлелдей алды.  

2020 жылы әлемді әбігерге салған COVID-19 пандемиясы кезінде көптеген адамдар қиындықтарға тап болды. Омарәлі Әділбекұлы бастаған Жебеуліктер қиын кезеңде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. Оның басшылығымен «Жебеу» қоғамдық бірлестігі Алматы тұрғындарына азық-түлік, медициналық құрал-жабдықтар және басқа да қажетті заттарды тарату арқылы халыққа көмек қолын созды. Бұл шаралар қоғамның әлсіз топтарына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бағытталды. 

Омарәлі Әділбекұлының 2022 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағы Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді. Бұл уақытта қауымдастықтың жұмысына белсенді араласып, шетелдегі қазақтардың мәдени және әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысты. Күн  сайын көмек сұрап келген қандастардың сауалдарын түрлі мекемелерге жолдап, жауаптарын тауып отырды. Омарәлі Әділбекұлының бастамасымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығындағы көптеген мәдени іс-шаралар, конференциялар және кездесулер ұйымдастырылып, қазақ диаспорасының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосып келеді. 

Омарәлі Әділбекұлының әу бастағы мамандығы әдебиеттанушы. Өзі ақын-жазушы шығармашы адам еді. Тәуелсіз отанына келіп еңбек етемін деп, артынан келген қандас пен артта қалған қандастың қамы деп бұл күндері елге белгілі қоғам қайраткері болды. Осы еңбектері мелекет жағын да еленіп, лайықты бағларын алды. Атап айтар болсақ, 2019 жылы Баспасөз және ақпарат саласындағы қажырлы еңбегі үшін ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және «Құрмет» грамотасымен  марапатталған. 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл» медалімен наградталды. 15 Желтоқсанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірі Аида Балаева ханымнан құттықтау хат алды.   2023 жылы 16 қазанда  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.  

Омарәлі Әділбекұлы әлі талай қандастың шаруасын шешіп қуантарына,  халықаралық жағдайды жоғары деңгейде бағамдай алатын сарапшы, тәжірибелі қытайтанушы ретінде әлі де қазақ еліне берері көп екеніне сенемін. Алпыс деген тал түс дегендей, еліне шаршамай еңбек ете беруін тілеймін.

Тұрдыбек Құрметхан

Abai.kz

3 пікір