Путин соғысты уақытша тоқтатуға келісті...

Кеше наурыздың 18-і күні Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ақ үй тарабы Путиннің АҚШ ұсынған 30 күн соғыс тоқтату ұсынысын қабылдағанын жеткізді.
Ал Кремль болса, Путиннің орыс әскеріне Украинаның энергия және әлеуметтік маңызы бар нысандарды атқылуды тоқтатуға бұйрық бергенін айтуда. Путин сонымен бірге, өзара тұтқын алмасуға да келісім берген.
Бүгін соғысқан екі тарап 175 адамнан босатады. Кремль басшысы соғыс тоқтату мерзімінде Украинаға белілетін әскери және ақпараттық көмектің тоқтатылуын талап еткен. "Украинаға батыстық көмектің тоқтатылуы бейбітшілік орнатудың бірден бір алғы шарты" деп баса айтқан.
Кремльдегілер телефон әңгіме екі жарым сағатқа созылып, тарихтағы рекордты жаңартты десе, Америка басылымдары бір жарым сағатта аяқтады деп жазған
"Екі ел басшысы телефонмен сөйлесіп отырғанда, Киевте әуе қорғаныс сигналы безілдеп, жарылыс дүмпулері естілді", - деп жазды шетелдік БАҚ.
Трамп пен Путиннің кездесуін әлем жұрты, ел басшылары жіті назарда ұстағаны белгілі. Екі ел президенті тоқтап қалған мемлекетаралық байланысты жан-жақты дамытуды талқылаумен бірге, Орта Шығыс мәселесін де талқылаған. Ең өзегі әрине - Украина мәселесі екені анық.
Англия басшысы Стармер Трампты құттықтап, кездесудің нәтижелі басталғанын атап өткен. Финландияда сапарлап жүрген Зеленский екі президенттің не талқылағанын Ақ үй басшысы уақыт тауып өзіне құлағдар ететінінен үмітті екенін жеткізген. Ол сонымен бірге Ресей тараптың бала бақшаларды атқылағанын қатаң айыптаған.
Германияда жүрген Франция басшысы Макрон Шолцпен бірге Путиннің талабына жауап ретінде Украинаға әскери көмектің ешқашан тоқтамайтынын ескерткен.
Осы аптаның аяғында Америка мен Кремль өкілдері тағы да Сауд Арабиясында бас қосып, соғыс тоқтатудың, ұзақ мерзімді бейбішіліктің шарттарын егжей-тегжейіне дейін талқыламақ.
Abai.kz