Жұма, 21 Наурыз 2025
Мәдениет 309 0 пікір 20 Наурыз, 2025 сағат 21:56

«Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Астанада қазақ халқының ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті. 

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жарыққа шығарған «Асыл мұра» – отандық музыка өнері тарихында халықаралық стримингтерде кеңінен таралған ең ірі жинақ. Жоба «Ozen» музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды. 

Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні мен халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро хит ән енгізілді. Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы шығарманың көбі аутентикалық формада, яғни, алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде берілген. 

Жобаға енген таңдамалы 1500 аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты әлемге танымал 100-ден астам музыкалық платформаға жүктелді. Сондай-ақ туындылар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына енгізілді.

Abai.kz

0 пікір