Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 69 0 пікір 15 Ақпан, 2025 сағат 12:49

Таза су және санитария – денсаулық пен тұрақты дамудың кепілі!

Сурет: kazaknews.kz сайтынан алынды.

Тұрақты даму мақсаттарының алтыншы  мақсаты (ТДМ 6) – әлемдегі барлық адамдарға таза су және санитариялық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне арналған. Су-тіршілік көзі, ал санитария – денсаулықтың негізгі кепілі.

Дегенмен, әлемнің көптеген аймақтарында су ресурстарының ластануы, қолжетімділіктің болмауы және санитария жағдайларының төмендігі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсерін тигізуде. Су – халқымыздың тіршілігінің негізі. Оның тиімді пайдаланылуы мен санасын қорғау еліміздің тұрақты дамуы мен болашағына тікелей әсер етеді. Біз су тапшылығына қарсы күрес жүргізіп, су инфрақұрылымын жаңғыртуға бар күшімізді салу қажет деп есептеймін.Қазақстан – климаттық ерекшеліктер мен агроөнеркәсіптік даму салдарынан су тапшылығына ұшырау қаупі бар аймақтардың бірі. Климаттық өзгерістер, табиғи апаттар және су ресурстарына жоғары сұраныс су көздерінің азаюына әкеліп, жаңа, кешенді шараларды талап етеді. Сондықтан да, су мәселесін шешуде заманауи технологияларды енгізу, су тазалау және үнемдеу әдістерін дамыту аса өзекті болуда.Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен қабылданған жаңа стратегиялар су инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын саналы басқару бағытында іске асырылуда. Сонымен қатар, көрші мемлекеттермен трансконтиненталдық су ресурстарын басқару мәселелерінде ынтымақтастықты нығайту – өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Бұл шаралар Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

ТДМ 6 мақсаттарына жету үшін еліміз келесі шараларды жүзеге асыруы қажет:

1)Инфрақұрылымды жаңғырту: Су тазарту қондырғылары мен санитариялық жүйелерді жаңарту, жаңа технологияларды енгізу арқылы халыққа таза су мен сапалы санитария қызметін қамтамасыз ету.

2)Заңнамалық қолдау: Су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануға арналған заңнамаларды жетілдіру, экологиялық стандарттарға сәйкестендіру.

3)Халықты оқыту және ақпараттандыру: Су мен санитарияның маңыздылығы туралы ақпараттық науқандар жүргізу, гигиена ережелерін насихаттау.

4)Халықаралық ынтымақтастық: Әлемдік тәжірибе алмасу, инвестиция тарту және көпжақты жобаларды жүзеге асыру арқылы су мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру.

Елімізле ТДМ 6 мақсаттарына жету үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Елдің су ресурстарын тиімді пайдалану, су тазарту қондырғыларын жаңарту және ауылдық жерлерде санитариялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке серіктестіктер арасындағы ынтымақтастық су мәселелерін кешенді шешуге бағытталған.ТДМ 6 – таза су мен сапалы санитария қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын қорғау мен тұрақты дамуға қол жеткізу мәселесіне бағытталған маңызды мақсат. Су мен санитария саласындағы жетістіктер экономикалық өсуге, әлеуметтік әділеттілікке және экологиялық тұрақтылыққа негіз бола алады. Әрбір ел мен қоғам өз үлесін қосып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруы тиіс.

Темірболат Н.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135