АҚШ «Үрген қарыннан» қалай қанды қақпан құрып келді?

Әлемде қулығына құрық бойламайтын екі барлау бар: Бірі – орыс, екіншісі – американікі. Біз өз сайтымыздың оқырмандарына СІА-ның «жалғанды жалпығынан басқан» «үрген қарындай» өтірікті ту ететін аярлығын сөз етпекке осы мақаланы арнадық. Ең әуелі КГБ басынан бағы тайып, бұрынғы сәулелі күні батып, жаңа империялық бағдарға бейімделе бастаған тұстағы, яғни, осыдан 35 жыл бұрын болған оқиғадан бастайық.
1990 жылы 10 қазанда АҚШ Конгресінің Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысында Кувейттен келген 15 жасар қыз конгресмендерге Ирак әскерлерінің өз елінде жасаған қылмыстары туралы көзінің жасын көлдете отырып айтып берді.
Қыз Ирак әскерінің қанды қасап қылмыстарының ұзын сонар тізбегін жылап тұрып оқып берді. Әсіресе конгрессмендерді мұсылманшылықтай жұрдай болған Ирак сарбаздарының Кувейт ауруханасының біріндегі нәрестелер палатасына кіріп, нәрестелерді инкубатордан алып шығып, суық еденге лақтырып тастағаны туралы әңгіме мүлдем таң қалдырды.
Кейіннен 15 жасар «куәгердің» эмоциялық сөзін сол кездегі президент Буш жүрген тұрған жерінде бірнеше рет келтірді: Сондай-ақ америкалық жетекші телеарналар жалпақ әлемге ретрансляциялап жайды. Нәтижесінде нәрестелерге жасалған қорқынышты жазалау туралы әңгіме америкалық қоғамды Парсы шығанағындағы соғыстың басталуына дайындауда маңызды элементке айналып үлгерді.
Елшінің қызының қулығына құрық бойламайтын сайқалдығы
Шын мәнінде, өрімдей мұсылман қыздың зар жылап тұрып әшкере қалған мұндай қатыгездік оны бейіл қоя тыңдаған кімді де болсын бей-жай қалдыра алар ма еді?!
Бір жыл өтті, соғыс аяқталды, шындық жарыққа шығады, және бүкіл әлем Америка Конгресінің алдында сөз сөйлеген қыздың Кувейттің АҚШ-тағы елшісі Насир әл-Сауда ас-Сабахтың қызы Найира екенін білді. Найираның отбасы 1981 жылдан бері Америкада тұрып келеді. Оның үстін бұл қыздың өз басы отанында ұзақ уақыт болмаған және Ирак Кувейтке басып кірген кезде Құрама Штаттардан еш аттап шықпаған еді.
Осылайша, елшінің ақылды қызы конгрессмендер алдында алдын ала дайындалған мәтінді оқып, өзіне ұсынылған рөлді асқан шеберілікпен ойнап шықты. Найираның мың құбылатын мінез-құлқына ыңғайлап, Кувейт үкіметі қоғамдық пікірді манипуляциялау үшін жалдаған Hill & Knowlton PR-агенттігін әзірлеген саяси қойылым діттеген жеріне жетті.
Бүгінде «Найираның куәлігі» жалған ақпараттың классикалық үлгісі болып саналады. Айтпақшы, одан тек АҚШ президенті Джордж Буш қана емес, Найираның отбасы да пайда көрді - кейіннен елші Насир әл-Сауд ас-Сабах (жұрттың миын әңкі-тәңкі ететін әрекетінің қарымтасына) алдымен Кувейттің ақпарат министрі, ал кейінірек мұнай министрі болды.
Батыстың адамдардың ойын дулап, миын мәңгүрттендіруі туралы ұзақы күнге жыр-аңыз қылып айтуға болады. Ондаған жылдар бойы өзгермей, мұсылман әлемін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын әдісі бұрынғысынша өте тиімді болып қалатын схемаларының тым қарапайым болуы таң қалдырады.
Алдымен бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру туралы жалған хабар таратылады. Содан кейін «тапсырыс берілген» елдің билігі нацистермен салыстырылады, содан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалиция «демократияны құтқару» деген сылтаумен осы мемлекетті жояды.
«Найира куәлігі» Парсы шығанағындағы АҚШ пен оның одақтастарының соғысын ақтайтын тамаша тактикалық қадам болды. Келесі құрбандыққа да ен салынып, бұрынғы біртұтас Югославия саяси пышаққа ілінді. Батыстың жетекші телеарналары сербиялық ұлтшылдардың құрбанына айналған бейбіт тұрғындардың денелері бейнекадрларды жаһанға күн сайын ұсына бастады.
Косоводан қаза тапқан содырлар бейбіт тұрғындар деп жұртты әбден сендіре білді. Осындай "үрген қарынды" немістің беделді «Bild» газеті өзінің алғашқы бетіне қанды денелердің фотосуретін жариялап, «Біз олар үшін күресеміз!» деп жар салды.
Ал президент Билл Клинтон митингілердің бірінде: «Егер Черчилль Нитлерді дер кезінде тоқтатса, қанша адамның өмірін сақтап қалуға болар еді?»,-деп, аузы көбіктен біраз ылақты.
Тағы да нацистермен ұқсастық!
Югославияны маясифун еткен соң, СІА тағы бір «Үрген қарынның» құлағын қалтитты. 2003 жылы Иракка қарсы жаңа соғыс - «Шөлдегі дауыл» операциясы басталады. АҚШ Қорғаныс министрі Колин Пауэлл Конгресс мүшелерінің алдында сынақ түтігін сілкіп, Саддам Хусейннің химиялық қару жасап жатқанын алға тартқаны сол еді. Барлығы өзгенің сөзіне қонақ бермей Саддамның құлатылуы Таяу Шығысқа бостандық пен демократия әкелетінін бірінен-бірі жарыса сұлу да, сайқалданған салиқалы сөздерімен өзіне дейінгі шешендерден асыра сөйлеп өңештері жыртыла өзеуреді.
Нәтижесінде - жүз мыңдаған адам қаза тауп, миллиондаған босқындар басы ауған жаққа босып кетті, Саддам Хусейннің қазасы...
Ал Колин Пауэлл байбаламдаған химиялық қару қайда кетті сонда?
Ирактан оны ешкім де ешқашан таппады.
Американдықтар Иракқа басып кірді. Ал химиялық қару ешқашан да, еш жерден де табылған жоқ.
СІА Саддамды біржайлы еткен соң, жан-жағынан жау іздеп, аш қасқырдай жалаңдап, 2011 жылы Ливияны қырына алды. Іздегенге сұраған дегендейін «Каддафидің өз халқына қарсы қатыгез қуғын-сүргіндері» туралы қорқыныштар аяқ астынан ойлап табыла кетті. Испаниялық Mundo: «Каддафи Гитлер сияқты өзін-өзі өлтіреді» деп жазса, ал The Guardian «Гитлерден Каддафиге дейін: диктаторлар және олардың бункерлері» деген сала құлаш мақала жариялайды.
Тағы да нацистермен салыстыру!
Сирияда «араб көктемінің» жаңа толқыны басталғанда, Дамаск маңындағы Гутада біреу химиялық шабуыл жасап, жүздеген бейбіт адамды өлтіреді. Тисерге қара таппйа отырған АҚШ Башар Асадтың үкіметін айыптайды.
"Үрген қарын" тағыда сәтімен іске қосылды. елі аман, жұрты тыныш елдің іші ала тайдай бүлінді.
Сирия дереу БҰҰ инспекторларын жіберуді талап етеді және болған оқиға - арандатушылық деп мәлімдейді. Тойған қозыдай томпиған БҰҰ аузына су құйып алғандай үндемейді, АҚШ Сирия армиясын бомбалайды, ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы брифингте беті шылып етпей: «Тіпті Гитлер де химиялық қару қолданған жоқ» деп мәлімдейді.
Тағы да нацистермен салыстыру орын алды. Бірақ ендігі мақсат Гитлерден де құны төмен Башарды паршалау.
Схема әпенделеу һәм тым қарапайым, бірақ адам миын дуалаушылар әрдайым өз мақсаттарына жете біледі. Тек өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, әлемдік қоғамдастықты қорқытып, күшті эмоцияларды оятып, адамдардың сана-сезіміне түрткі салу керек. Сонда қалаған нәрсені жалғанды жалпағынан басып істеуге болады.
Егер батыстың қос әбілеті Гитлер мен Геббельстің қолында заманауи ақпараттық ресурстар болса, біздің әлем қандай болар еді деп ойлау қорқынышты ой мұсылман баласының бойын жайлай бастады.
Бір кездері: «Жолы болмаған қылмыскерлер криминологияны, айы оңынан туған қылмыскерлер саясаттануды оқып үйренеді» деген жазушы Ларри Бейнхарт шынымен де тауып айтқан екен екен деп, басыңды шайқай таңданасың!?.
Abai.kz