Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025
Ақмылтық 1423 0 пікір 9 Сәуір, 2025 сағат 13:40

Сарапшы: Ең жақсы ұлттық валюта – ол тұрақты валюта!

Сурет: bairaqmedia.kz сайтынан алынды.

АҚШ-тың сауда соғысы әлем елдерімен, әсіресе Қытаймен экономикалық бәсекелестікте тарифтер мен сауда шектеулерін қолдану арқылы жүргізілген саясат екенін білеміз. Бұл соғыс 2018 жылы басталғаны да анық. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісіне қатысты қазір әр адамда әртүрлі болжам да бар екенін жасырмаймыз.

Дональд Трамп әкімшілігінің АҚШ-тың сауда тапшылығын азайту мақсатында жариялаған шешімі жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа, шикізат экспортына тәуелділікті күшейтуге әкеліп соғатыны сөзсіз. Тіпті осының салдарынан мұнай бағасы құлдырады. Бұның елімізге әсері қалай болады деген сауалмен экономист Сапарбай Жұбаевқа хабарласқан едік.


Сапарбай Жұбаев:

– АҚШ Президенті Трамптың дүниежүзі мемлекеттеріне тарифтік яғни кедендік баж салықтарын көбейтуі қазіргі экономиканың дамуына кері әсер етеді. Себебі, экспорттық көлем азаяды, кейбір мемлекеттерде импорт әлсірейді. Сонымен бірге импорттық тауар бағасы қымбаттайды. Сондықтан бұл жайт экономиканың төмендеуіне әкеліп соғады. Солай болса, оған керекті шикізаттарға сұраныс азаяды.

Ең бірінші шикізат – мұнай. Осыдан бұрын барлеліне 70-73 болып тұр еді, ал қазір 60-61-ге дейін төмендеді.

Ал бұл жағдай тікелей Қазақстанға тікелей кері әсер береді. Біздің жалпы ішкі өнімімізде 17-18 пайыз осы мұнай-газ саласынан түсім бар. Оның көлемі азайса, бізде жалпы ішкі өнім де азаяды деген сөз. Біздің валюталық түсімнің 50-60 пайызы осы мұнайдан келеді. Осы жағдай теңгеміздің бағамына де өз әсерін тигізеді. Тіпті әсер етті деп айтсақ та болады. Кеше ғана бір доллар 500-503 курспен тұр еді, бүгін 518-521-ге дейін көтерілді.

Енді бұл бір жағынан біздің экспорттаушыларымызға тиімді болуы мүмкін. Бірақ ең жақсы ұлттық валюта – ол тұрақты валюта. Сондықтан оның құбылуы біздің экономикамызға әсер етеді. Екіншіден, қорымызға түсетін ақша кемиді. Егер мұнай бағасы арзандаса, мұнай компанияларына аз пайда түседі. Солайша ұлттық қор мен бюжетімізге түсетін табыс та аз болмақ. Бұл дегеніміз біздің бюджетімізде тапшылық көбейетінін аңғартады. Сол үшін билік керексіз шығындарды қысқартудың орнына, ұлттық қорға қол салады. Біз болашаққа, дағдарыс жылдарына сақтаған қорымызды жемқор билік ұлттық қорға ауыз салып жатыр. Трамптың шешімі елімізде осындай келеңсіздіктерге алып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1855
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4669
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3712